ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Алдын ала есептеулерге жүгінсек, 2015-2034 жылдар аралығында жұмыс істеп тұрған 250 орындық балабақшаның келтірген пайдасы 4 354 млн. теңгені құрамақ, оның ішінде 2 523 млн. теңгесі мемлекеттік білім тапсырысы болса, тамақтану шығынының өтемақысы 1 495 млн. теңге және ақылы қызметтерді көрсетуден түсетін пайда 336 млн. теңге көлемінде болмақ.

Жобаның шығын бөлігіне балабақшаны ұстау және жұмыс істеуі – қызметкерлердің еңбекақысы, салықтар, коммуналдық төлемдер, тамақтану және жөндеу жұмыстары енгізілген.

Болжам бойынша көрсетілген мерзім ішінде шығын бөлігінің көлемі шамамен 4 080 млн. теңгені құрамақ, оның ішінде инвестициялық шығындар – 643 млн. теңге.

Құрылысқа бағытталған 643 млн. теңге мөлшеріндегі инвестициялық шығындар облыстық бюджеттен 7 жыл көлемінде қайтарылады.

Балабақша пайдаланылатын бүкіл уақыт ішінде кәсіпкердің түсіретін пайдасы 917 млн. теңге шамасында болады.

Жобаның өзін-өзі ақтауына балабақша ғимараты 5 жыл пайдаланғаннан кейін қол жеткізіледі.

Другие новости