Азия даму банкі өкілдігінің директоры Д. Капаннелимен бірге ШҚО басым жобаларын қарау

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі халықаралық қаржылық ұйымдармен және шетелдік инвесторлармен (ЕҚДБ, ЕАДБ) белсенді өзара әрекет етеді.
2018 жылғы 10 сәуірде Астана қаласында ШҚО басым жобаларын талқылау және қарау мақсатында облыс делегациясының Азия даму банкі өкілдігінің директоры Д. Капаннелимен кездесуі өтті. Шығыс Қазақстан облысындағы инвестицияларды қажет ететін жобалар портфелі жалпы сомасы 604,3 млрд. теңге болатын 7 басым жобаны қамтиды, оның ішінде:
1. Күршім ауданында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпірді салу - 30,2 млрд. теңге.
Жоба кіреберіс жолдары бар екі жолақты көпірдің құрылысын қамтиды. Автомобиль көпірінің ұзындығы – 1300 метр, ені 13 метрді құрайды. Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған: ИШӨ, жер учаскесі.
2. «Өскемен-Таврия» автомобиль жолына шығатын Өскемен қаласында Виноградов көшесінің тұсындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірлі өткелді салу - 62,1 млрд. теңге.
Көпірдің құрылысы Өскемен қаласының оң жағалауы мен сол жағалауындағы негізгі бағыттар бойынша көлік ағындарын оңтайландыруға және таратуға мүмкіндік береді. Жоспарланып отырған 6 жолақты автомобиль көпірінің ұзындығы – 777 метр, эстакаданың ұзындығы – 364 метр.
3. Семей қаласында ЖЭО-3 құрылысы - 1,0 млрд АҚШ доллары.
Жоба бекітілген электр қуаттылығы 246 МВт және жылу қуаты 742 Гкал/сағ болатын ЖЭО құрылысын көздейді. Жылдық электр энергияны босату көлемі – 1 298,9 млн. кВт/сағ., жылу энергияны босату көлемі – 1 661 мың Гкал.
Мемлекеттік қолдау шаралары көзделген: ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар, жер учаскесі, инженерлік коммуникацияларды тарту.
4. Зырян ауданында Тұрғысын өзеніндегі Тұрғысын ГЭС-3 құрылысы - 87,5 млрд. теңге.
Қуатты 90 МВт шегінде 228 млн. кВт/сағ. өндіру жоспарланады.
Мемлекеттік қолдау шаралары көзделген: ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар, жер учаскесі, инженерлік коммуникацияларды тарту.
5. Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандарының елді мекендерін газдандыру - 33,3 млрд. теңге.
Жоба магистраль және кент ішілік газбен қамтамасыз ету желілерінің, сондай-ақ екі автоматтандырылған газ тарату станцияларының құрылысын қарастырады. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Үржар аудандарындағы 50 елді мекенді табиғи газбен қамту жоспарлануда.
6. Үржар ауданында бройлер құс фабрикасының құрылысы - 45,0 млрд. теңге.
Жобада жылына 30 мың тонна салқындатылған және мұздатылған бройлер етін өндіру мен жылына 41 мың тонна тірі салмақта бройлерді өсіру көзделген.
Мемлекеттік қолдау шаралары көзделген: ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар, жер учаскесі, инженерлік коммуникацияларды тарту.
7. Семей қаласында 200 төсектік қалалық балалар ауруханасын салу және пайдалану - 16,2 млрд. теңге.
Осы жобаның мақсаты Семей қаласында 15 жасқа дейінгі балаларға арналған мамандандырылған және шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Жобаның жоспарлы қуаты - 19 бөлімнен, медициналық және көмекші ғимараттар кешенінен тұратын 200 төсектік аурухана.
Мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған: ИШӨ, жер учаскесі, инженерлік коммуникацияларды тарту.
