«ДЕЛЬФИН БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫН СЕНІМДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ» МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУЕТТІ ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТЕРДІ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «ШҚО білім басқармасы» ММ МЖӘ арқылы жеке серіктестікті анықтау бойынша конкурс бастау туралы хабарлайды «Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы 160 орынға арналған «Дельфин бөбекжай-балабақшасы» балабақшасының мүлкін сенімді пайдалануға беру» және әлеуетті жекеше әріптестерді конкурсқа қатысуға шақырады.
Жоба бойынша Риддер қаласындағы 160 орынға арналған «Дельфин бөбекжай-балабақшасы» балабақшасының мүлкін, міндетті түрде бейінін сақтау, штат қызметкерлерін 100% сақтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу шартымен, 5 жыл бойы сенімді басқару және пайдалану қарастырылған.
Қызмет саласы: білім.
МЖӘ түрі: шарттық МЖӘ (мемлекеттік мүлікті сенімді басқару).
Жобаның іске асырылу мерзімі: 2018-2023жж.
МЖӘ объектісінің құны: 167,8 млн.теңге.
Әлеуетті жеке серіктестіктің қызметі: жекеше әріптес мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту саласында ғана қызмет көрсетете алады, сонымен қатар 6-7 жас аралығындағы балаларға қосымша қызмет түрлерін ұйымдастыра алады.
Шығындарды өтеу және табыс табудың болжалды көздері: МЖӘ объектісін пайдалану барысында тауарларды, жұмыстар мен ұсыныстарды сату, сонымен қатар, инвестициялық және операциялық шығындарды өтеу.
Конкурсқа қатысуға біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушыларға рұқсат етіледі, «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында және конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін сағат 9-00 бастап 18-30 ге дейін көрсетілген мекен жайдан алуға болады, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ.
Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады. Конкурсқа қатысуға араналған конкурстық өтінімдер, сондай-ақ конверттерде мөрленген біліктілік іріктеу үшін құжаттарды әлеуетті қатысушылар аталған мекен жай бойынша мақсатты түрде ұсынады.
Толық ақпарат алу үшін көрсетілген мекен жайдағы байланыс тел: А.К.Каербекова 8(7232) 702-748.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2018 ж. 17 тамызда аталған мекенжай бойынша жүзеге асырылатын болады.
