Жарғылық капиталы мемлекеттің қатысуымен «Абай» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құру жобасы бойынша мүдделерін білдіру туралы сұрау салу

«Өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен «Абай» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құруды жоспарлау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шешім қабылдау туралы хабарлайды.

МЖӘ объектісі: жарғылық капиталына Шығыс қазақстан облысы әкімдігінің қатысуымен «Абай» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамын құру.

Іске асыру орны: Семей қаласы.

Көрсетілетін қызметтер нарығы: Семей қаласы, Курчатов қаласы, Абай ауданы, Аягөз ауданы, Бесқарағай ауданы, Бородулиха ауданы, Жарма ауданы, Көкпекті ауданы, Ақсуат ауданы, Үржар ауданы.

Құрылатын субъектінің қызмет түрлері:

1) кластерлік тәсіл негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру;

2) инвестициялар мен инновацияларды тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру;

3) әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

4) мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;

5) бизнес-жобаларды, оның ішінде концессия және кластерлік бастама негізінде іске асыру;

6) шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау;

7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістер құру;

8) инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру;

9) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру.

Құрылатын субъектінің жарғылық капиталы (шамамен): 12 686 129 000 теңге.

Жекеше әріптестің қатысу нысандары: жарғылық капиталға үлестік қатысу;

Жоба бойынша ұсыныстар 2022 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде қабылданады.

Байланыс деректері: Шығыс қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 36, анықтама телефоны: 8(7232)70-44-44, эл. мекенжайы: info@spkertis.kz

01.07.2022
Другие новости