Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бастамасы туралы хабарлама

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы»Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 44-бабына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» ММ әлеуетті жекеше әріптестерге Шығыс Қазақстан облысы Өскемен және Семей қалаларындағы жол жүру ережелерін бұзушылықты тіркеу фотовидеожүйесін енгізу мен пайдалануға және автомобиль негізінде мемлекеттік тіркеу белгілері бойынша көлік құралдарын айқындаудың 6 мобильдік аппараттық-бағдарламалық кешенін жеткізуге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бастамасы туралы хабарлайды.

Жол жүрісі ережелерін бұзушылықты тіркеу фотовидео ақпараттық жүйесінің негізгі мәлімделген техникалық көрсеткіштер:

- жол жүрісі ережелерін бұзушылықты (бұдан әрі - ЖЖЕ) тіркейтін камера-радарлардың деректер базасының есебін қамтамасыз ету;

- ішкі істер органдарындағы бар үрдістік орталық және ақпараттық жүйелерді біріктіру мүмкіндігінің болуы;

- іздеу үшін клинеттік интерфейсі бар орталық серверлік бөлігін қосу және ақпарат алу;

- Келесідей сипаттамадағы ЖЖЕ бұзушылықты тіркейтін фотовидео 60 бірлік камера-радарларды қосу: 4 жүру жолағын бақылау мүмкіндігі, 36 Мпикс рұқсаты бар, бір уақытта 32 нысанға дейін бұзушылықты тіркеу, қызыл белгіге өтуді тіркеу, жылдамдықты арттыру, бұрылуға және айналуға тыйым салынған бұрылыстар, автобус жолағы бойынша жүру, арақашықтықты сақтамау, автокөлік (жеңіл/жүк) жіктелімін анықтау, автоматты түрде мемлекеттік нөмірді анықтау және сол арқылы іздеуде жүрген автокөлікті анықтау.

МЖМӘ жобасының алдын ала мерзімі 10,5 жыл. Жекеше әріптестердің қаржы есебінен Өскемен және Семей қалаларында жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Инвестиция сомасы 1,836 млрд. теңге көлемде жоспарлануда.

ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 138-тармағына сәйкес, Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер балама ұсынысты хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімге сәйкес ұсынады.

Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім мазмұны:

- әлеуетті жекеше әріптестің атауын және мекенжайын;

- мемлекетке тиесілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);

- заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;

- объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімге жалға алу құқығын растайтын құжаттарды;

- мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын қаржылық бөлімнің тармақшаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру Қағидаларына сәйкес құрылымда әзірленген МЖӘ жобасының тұжырымдамасын қамтитын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінімді енгізеді.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1-тармағына сәйкес, Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа не тікелей келіссөздерге қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына аталған хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн аралығында балама ұсыныс қабылдайды. Балама ұсыныстарды ұсынудың ақтық мерзімі – 2017 жыл 31 шілде.

Ұйымдастырушы: «Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, каб. 510, 8/7232/702-353, жауапты тұлға – Нұрбек Ерланұлы Тұраров.

Другие новости