Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы бойынша қызығушылықты білдіру сауалы

«ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасының басталғаны туралы хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді «Өскемен қаласында субұрқақтарды реконструкциялау және қызмет көрсету» жобасының тұжырымдамасын талқылауға шақырады.
Жобаны жүзеге асыру шеңберінде Өскемен қаласының 14 субұрқақтарын қайта жаңарту және қызмет көрсету жоспарлануда.
Жобаның әкімшісі «ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ болып табылады.
Қызмет түрі: қаланың су бұрқақтарын реконструкциялау және қызмет көрсету.
Жобаның мерзімі: 10 жылға дейін.
Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері: Жекеше әріптестің табысы МЖӘ жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысынан, МЖӘ объектісін пайдалану үдерісінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іске асырудан қалыптасады.
Жоба бойынша ұсыныстар 2017 жылғы 23 қарашаға дейін қабылданады.
Толық ақпаратты «ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ алуға болады, Карл Либкнехт көш., 19 (2 қабат); тел.: 8(7232) 701-233; e-mail: kantselyariya_zhkkh@akimvko.gov.kz
«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ: тел.: 8 (7232) 26-43-32, e-mail: ppp.invest@mail.ru
