Mемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мүдделерді білдіру сұранымы

«Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ғимараттары мен көлікқұралдарын күтіп ұстау бойынша қызметтерді сатып алу» жобасы бойынша мүдделерді білдіру сұранымы
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен (бұдан әрі – ММЖК) бірлесіп «Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің (бұдан әрі – МЖӘ) «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ғимараттары мен көлік құралдарынкүтіп ұстаубойынша қызметтерді сатып алу» жобасын іске асыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жоба шеңберінде ММЖК республикалық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілерін (төменде келтірілген кестеге сәйкес әкімшілік пен шаруашылық ғимараттар мен құрылыстарын) сервистік қызмет көрсете отырып мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу арқылы («Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының шеңберінде) сенімгерлік басқаруға беру жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлік субъектілерін МЖӘ жобасын жоспарлауға тарту және жоспарлау процессінің ашықтығын арттыру мақсатында ММЖК осы «Мүдделерді білдіру сұранымын» жасады.
Мүдделі болған жағдайда мынадай:
1) Компания туралы деректер (атауы, құрылу күні, меншік нысаны, негізгі қызмет түрі, жұмыс тәжірибесі);
2) сізді қызықтырған объектілердің (қоса берілген тізімнен алынған) атауы;
3) жобалық топқа енгізу үшін тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып кандидатуралар бойынша (компаниядан бір адамнан көп емес)ақпаратты беруді сұраймыз.
Жобалық топ туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министріміндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілгенҚағиданың 9-тармағына сәйкесҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, жобалық, инжинирингтік және басқа компанияларды, мүдделі және уәкілетті мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін, кәсіпкерлік субъектілерді, сондай-ақ кеңес берушілерді тарту арқылы Ведомствоаралық жобалық топты құруды жоспарлайды.
Жобалық топты құрудың мақсаты МЖӘ жобасын іске асырудың әртүрлі мәселелері бойынша ұсыныстарды құру болып табылады. Жобалық топтың ұсыныстары жобалық құжаттаманы (МЖӘ жобасының тұжырымдамасы, конкурстық құжаттама, МЖӘ шарттарының жобалары және басқалары) әзірлеген кезде ескерілетін болады.
Ұсыныстар мүдделерді білдіру сұранымы жарияланған сәттен бастап бір айдың ішінде мынадай мекенжай бойынша қабылданады:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 921-каб., Z.Ermuhambetova@minfin.gov.kzэлектрондық поштасына (сканерленген түрде) қайталап жіберу қажет.
МЖӘ жобасының сипаттамасы
«Бірыңғай теңгерім ұстаушы» жобасын іске асыру мақсатында ШығысҚазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің теңгеріміне жалпы алаңы 35,039 мың шаршы метр 37 жылжымайтын мүлік объектісі берілген.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мүліктік кешендерін басқару және пайдалану сапасын арттыру мақсатында осы объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасау арқылы жеке компанияларға сервистік қызмет көрсете отырып сенімгерлік басқаруға беру жоспарланып отыр.
Осы функцияларды іске асыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жүктелген.
МЖӘ жобасын іске асыру Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің негізінде кейіннен қалған аймақтарға тарата отырып жүзеге асыру жоспарлануда.
1. Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің үй-жайларын, ғимараттарын күтіп ұстауға әкімшілік шығындарды оңтайландыру;
2. Жеке кәсіпкерлік пен менеджментті тарту арқылы үй-жайлар мен ғимараттарға қызмет көрсету бойынша функцияларды беру.
1. Коммуналдық қызметтерге және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсетуге кететін шығындарға бірыңғай тәсілдерді құру;
2. Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ғимараттарға қызмет көрсету және күтіп ұстау бойынша бейінді емес функцияларын мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес жеке кәсіпкерліктен қызметтерді сатып алу арқылы бәсекелес ортаға беру.
Қазіргі уақытта МЖӘ жобасының тұжырымдамасын әзірлеу жүргізіліп жатыр,бұнда жобаның құны белгіленеді, жобаның негізгі параметрлері, оның ішінде жылжымайтын мүліктің объектілерін басқару мен пайдалануға қойылатын талаптар, пайдалану мерзімі және күтіп ұстау мен басқару бойынша жыл сайынғы қаржыландыру көлемі көрсетіледі.
Жеке серіктестерді анықтау объектілерді лоттар бойынша бөле отырып, конкурсты өткізу жолымен іске асырылады деп болжануда (лоттар саны МЖӘ жобасының тұжырымдамасында және конкурстық құжаттамада анықталатын болады).
