Астанада жаңа МЖӘ қағидалары түсіндірілді

Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік (МЖӘ) бойынша 335 жоба іске асырылуда деп «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетовтың айтуы бойынша «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

«2016 жылғы 22 қарашада жаңартылған МЖӘ туралы заңы шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік түтігі барлық салаларға жуық және анағұрлым тығыз мерзімде қолданылады. Бүгінгі күні Қазақстанда 335 МЖӘ жобасы дайындықтың әр түрлі кезеңдерінде іске асырылуда. Оның ішінде 33 жоба бойынша шарттарға қол қойылды», - деп, Астана әкімдігінде өткен МЖӘ жобаларының үлгілік конкурстық құжаттамасын түсіндіру жөніндегі семинарда Көбетов баяндады.

Ол жаңа қағидаларға сәйкес жекеше қатысушы бүгін ақша салатынын, ал мемлекет объект пайдалануға берілгеннен кейін жобаға байланысты 3-10 жыл аралығында инвестициялық шығындарды өтейтінін түсіндірді.

«Заңнамаға сәйкес максималды мерзім бойынша шектеулер қойылмайды, барлығы өтелімділік мерзіміне тәуелді болады, алайда 30 жылдан аспайды. Бұл ретте қатысушы мемлекеттен тұтыну кепілдігі секілді мемлекеттік қолдау шарасын алатын болса, объект жекеше әріптестің қолында қалуы мүмкін. Мемлекет инвестициялық шығындар бойынша қандай да бір өтемақы төлеген жағдайда, объект болашақта мемлекетке беріледі», - МЖӘ туралы заңнаманың нормаларын түсіндіре отырып, Көбетов жалғастырды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында Екінші басымдық шеңберінде МЖӘ дамытуға ерекше көңіл аударғанын атап айту қажет. Жеке меншік капитал тарту үшін мемлекет-жеке меншік әріптестігінің ықтимал барлық түрі мен нысанын пайдалану қажет. Олар – мемлекеттік мүлікті сенімгерлікпен басқару, сервистік келісімшарттар, т.б. Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы. Бұл ретте келісудің барлық рәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді мейлінше жеңілдету және жеделдету қажет. МЖӘ инфрақұрылымды, әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың негізгі түтігі болуы тиіс.

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» (МЖӘ) заңының мақсаты қоғамдық игіліктер мен қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы мемлекет пен жекеше сектор арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыру мен күшейту болып табылады.

Другие новости