Абай облысы Білім басқармасының «Дарын» облыстық дарындылықты дамыту және қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру» жоспарланып отырған жобасы

Абай облысының әкімдігі Абай облысы білім басқармасының «Дарын» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құруды жоспарлап отыр және жобаны талқылауға әлеуетті серіктестерді тарту және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүддені білдіруге сұрату жөнінде келесіні хабарлайды.

Жобаның негізгі бағыты:

1. білім беру саласындағы өндірістік – шаруашылық қызмет, Қазақстан Республикасының зияткерлік, шығармашылық және спорттық әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу, жеке тұлғаның дарындылығын дамыту, сондай-ақ балалар мен оқушы жастарға ұйымдастырушылық-тәжірибелік, ақпараттық, әдістемелік және сараптамалық қамтамасыз ету құралдарымен қосымша білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

2. Абай облысының дарынды балалары мен жастарын анықтау, іріктеу, қолдау, дамыту және білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жүйесін құру, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда ойлауға және әрекет етуге қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу, сондай-ақ жеке тұлғаның дарындылығын дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

3. балалардың жеке дамуы, кәсіби өзін-өзі анықтауы және шығармашылық еңбегі үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғамдағы өмірге бейімделу, азаматтық сана-сезімді, жалпы мәдениетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.

1) «Дарын» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына мынадай қызмет түрлерін бекіту көзделеді: дәстүрлі конкурстарды, турнирлерді, жарыстарды, пәндік олимпиадаларды, конференцияларды және басқа да іс-шараларды оқыту және өткізу процесінде дарынды балалар мен жастарды анықтау және іріктеу технологияларын әзірлеу;

2) білім беру саласындағы бағдарламалардың, әдістердің, технологиялардың, тұжырымдамалардың, модельдердің, әдістемелердің әртүрлі әлеуметтік жобаларын әзірлеу және енгізу;

3) дарынды балалармен жұмыс бойынша ғылыми-негізделген бағдарламалар, тестілер және оқу құралдарын әзірлеу;

4) «Дарын» өңірлік жүйесінің компьютерлік желісін құру;

5) дарынды балалардың проблемалары бойынша деректер базасын және мониторинг жүйесін құру;

6) дарынды балалармен жұмыс істейтін педагог кадрларға әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру;

7) қоғамдастықпен байланыс қызметін ұйымдастыру;

8) халықаралық, ғылыми, бейінді мектептерде, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, семинарларда, форумдарда, конкурстарда, фестивальдарда дарынды балалармен жұмыс бойынша жинақталған тәжірибемен алмасу;

9) дарынды балалардың мүдделерін қорғау, психологиялық және әдістемелік консультацияларды ұйымдастыру;

10) Қазақстан Республикасының жастар саясатын қалыптастыру және жүргізуге қатысу;

11) халықаралық мектептердің, «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ауысымдық бейіндік мектебінің жұмысына қатысу; бюджеттік және ақылы негізде ғылыми бейіндік мектептерді, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, семинарларды, форумдарды, конкурстарды, фестивальдерді өткізу;

12) оқушылар мен мұғалімдерді әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындау бойынша бюджеттік, сондай-ақ ақылы негізде Қазақстан Республикасы мен шетелдің жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарының қатысуымен онлайн сабақтар, дәрістер, шеберік сыныптарын, семинарлар әзірлеу және өткізу; дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша қашықтықтан олимпиадалар, конкурстар, қашықтықтан оқыту семинарларын өткізу;

13) бір жыл ішінде балалардың бос уақытын бюджеттік және ақылы негізде ұйымдастыру;

14) өз құзыреті шегінде облыстың қосымша білім беру және дене шынықтыру ұйымдарында оқушылар мен оқушы жастардың қосымша білім беру, дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

15) балалар мен жастарға қосымша білім беру жүйесінде, оның ішінде дене шынықтыру, әскери-патриоттық тәрбие, бос уақыт және салауатты өмір салты салаларында әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

16) облыстың қосымша білім беру жүйесі нысандарының жағдайын және тиімді пайдаланылуын мониторингтеуге және сараптауға қатысу;

17) қосымша білім беру, оның ішінде дене шынықтыру, әскери-патриоттық тәрбие, балалар мен жастардың салауатты өмір салты саласында ақпараттық, статистикалық, аналитикалық жұмысты ұйымдастыру;

18) облыстың қосымша білім беру нысандарының, жазғы сауықтыру лагерлерінің және мектептен тыс ұйымдардың желісін дамыту және кеңейту бойынша іс-шаралар өткізу;

19) балалар мен оқушы жастардың сабақтан тыс және каникул уақытында сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

20) өз базасында балаларға қосымша білім беруді іске асыратын жалпы білім беретін мектептерде қосымша білім беру стратегиясын қалыптастыруда және қосымша білім беруді дамыту жобаларын әзірлеуде қосымша білім беру нысандарына әдістемелік көмек көрсету;

21) мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, мәдениет пен өнер спорты саласындағы бейімділіктер мен мүдделерді дамыту) іске асыру.

8. Нысанның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8 үй.

Болжанатын техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, мүдделілік жөніндегі ұсыныстар 2022 жылғы 05 қазанға дейінгі мерзімде қабылданады.

Толық ақпаратты Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 8 үй, тел: 8(7222)_523269__; e-mail: n.akhmetkaliev@akimatabai.gov.kz «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

05.09.2022
Другие новости