Жоспарланатын "Жарма су "жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру"жобасы бойынша мүдделерді білдіруге сұрау салу

Жарма ауданының әкімдігі жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысу үлесімен "Жарма су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін "Жарма су" КМК-ның жарғылық капиталына мемлекеттің 100% қатысу үлесімен қосу жолымен құруды жоспарлап отыр және әлеуетті серіктестерді жобаны талқылауға тарту және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүдделерін білдіруге сұрау салу туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі бағыты Жарма ауданының аумағында жылумен, сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне қызмет көрсету болып табылады.

"Жарма су" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай қызмет түрлерін бекіту көзделуде:

- жылумен жабдықтау;

- суды жинау, өңдеу және тарату;

- кәріз жүйесі;

Нысанның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы.

Болжанатын техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, мүдделілік жөніндегі ұсыныстар 2022 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде қабылданады.

Толығырақ ақпаратты "Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ, Достық көшесі, 98, Тел.: 8(72347) 6-56-33; e-mail: zharma_zhkh@mail.ru (Наурызбаев Берік Амантайұлы)

"Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік - жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ, Қабанбай батыр көшесі, 49, 5-қабат, тел. 8 (7232) 26-23-96; e-mail: ppp.vko.@gmail.com, (Шестаков Степан Василийұлы)

Другие новости