«ШҚО Зырян ауданы Зырян қаласының аудандық қазандығын реконструкциялау» жобасы бойынша конкурсты өткізу туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі атынан «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі «ШҚО Зырян ауданы Зырян қаласының аудандық қазандығын реконструкциялау (бас корпустың жаңа бөлек тұратын ғимаратында екі турбогенераторды орнату)» концессиялық жобасы бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізетіндігін хабарлайды.
Концессия объектісі: ШҚО Зырян ауданы Зырян қаласының аумағында орналасқан көмекші жабдығы бар екі турбогенераторды орнатып, аудандық қазандықтың бас корпусының салынатын турбина бөлімі.
Конкурсқа «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында және концессионерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына сай болатын барлық әлеуетті концессионерлер қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, мына мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көш., 19, «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, № 205 кабинет, 9.00-13.00 дейін және 14.30-18.30 дейін.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасы тегін беріледі.
Әлеуетті концессионерлер конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді конвертке салып, «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-іне Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көш., 19, № 205 кабинет мекенжайы бойынша ұсынады (жолдайды).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2017 ж. «08» желтоқсан, сағат 15.00 дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2017 ж. «08» желтоқсан, сағат 17.00 келесі мекенжай бойынша ашылады: 070018, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көш., 19, «Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ, № 201 кабинет.
