Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы бойынша қызығушылықты білдіру сауалы

«ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасының басталғаны туралы хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді «Глубокое ауданының Глубокое кентіндегі жылу қазандығының құрылысы» жобасының тұжырымдамасын талқылауға шақырады.
Жобаны жүзеге асыру шеңберінде жылу беру маусымында Глубокое кентінің тұрғын, қоғамдық ғимараттар және кәсіпорындарына жоғары сапалы жылумен қамтамасыз ететін, төменгі пайдалану шығындарымен жаңа технологияға сәйкес келетін қатты отында жұмыс істейтін, 50 Гкал/сағ, дейін қуаты бар жылу қазандығының құрылысын салу жоспарлануда.
Жобаның әкімшісі «ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ болып табылады.
Қызмет түрі: жылу қазандығының құрылысы және пайдалану
Жобаның мерзімі: 30 жылға дейін.
Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері: Жекеше әріптестіңтабысы МЖӘ жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысынан, МЖӘ объектісін пайдалану үдерісінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іске асырудан қалыптасады.
Жоба бойынша ұсыныстар 2017 жылғы 15 желтоқсанға дейін қабылданады.
Толық ақпаратты «ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ алуға болады, Карл Либкнехт көш., 19 (2 қабат); тел.: 8 (7232) 701-233; e-mail: kantselyariya_zhkkh@akimvko.gov.kz
«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ: тел.: 8 (7232) 26-43-32, e-mail: ppp.invest@mail.ru
