Селекторлық кеңес өткізілді

2015 жылдың 24 желтоқсанында «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының нормалары ережелеріне түсіндіру жүргізілуіне жәрдем көрсетуге қатысты Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасымен, «ШҚО МЖӘ ӨО» АҚ, мүдделі мемлекеттік ұйымдармен, кәсіпкерлермен және бизнес қауымдастықтарымен селекторлық кеңес ұйымдастырылды.

Кеңесте заңнамадағы өзгерістер жағдайында МЖӘ жобаларын іске асыру мәселелеріне, мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің өзара әрекеттестік механизмдеріне ерекше көңіл аударылды. Жаңа Заңды қабылдағаннан МЖӘ қолдану аясы едәуір кеңейді, енді МЖӘ механизмдерін қолдану тек әлеуметтік маңызды жобалар аясында (білім, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, ТҮКШ) ғана емес, экономиканың басқа, бұрын қолданылмаған салаларындағы капиталды қажет ететін жобалар аясында мүмкін.

Өткізілген кеңес шеңберінде қоғамдық игіліктердің және қызметтердің қолжетімділік және сапа деңгейін арттыру үшін мемлекет және жеке меншік сектор арасында ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастықты қалыптастыру және нығайту мақсатында мемлекеттік активтерді басқаруға жеке меншік сектордың инвестицияларын тарту, сондай-ақ мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігінің үлгілерін кеңейту жөніндегі міндеттер қарастырылды.

Другие новости