МЖӘ жоспарлаған жобасы бойынша мүдделерді ұсынуға сұрау салу

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ мемлекеттік- жеке меншік әріптестігі жоба дайындығын бастағаны туралы жариялайды және жобаны іске асыру бойынша жобаны талқылауға және бастамашылық ұсыныстар мен нұсқаларды ұсынуға әлеуетті әріптестерді тарту үшін мүдделерін ұсынуға сұрау салатыны туралы хабарлайды: «Өскемен қаласында қоғамдық көлікте жол жүру төлемін және автоматтандырылған жүйені бақылауды, қалалық жолаушылар көлігін диспетчерлеудің ақпараттық жүйесін құрумен енгізу және сүйемелдеу» (бұдан әрі – «МЖӘ жобасы»).
Жоба қоғамдық көлікте жол жүру төлемін және автоматтандырылған жүйені бақылауды, сондай-ақ қаланың жолаушы көлігін диспетчерлеудің ақпараттық жүйесін құруды, пайдалануды және басқаруды ұсынады.
МЖӘ нысаны - МЖӘ жобасы шеңберінде сатып алынатын жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, жоғарыда аталған жүйені енгізу, қызмет көрсету, 10 жыл ағымында үзіліссіз басқару бойынша қызметтерді ұсыну болып табылады.
МЖӘ нысанының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.
Мемлекеттік қолдау шаралары ретінде МЖӘ жобасы инвестициялық шығындар құнынан 30% көлемінде қаржыландырылуы мүмкін. «Мемлекеттік жеке меншік әріптестігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы шеңберінде шығындарды өтеу көздері қарастырылған.
Жеке меншік әріптестігі МЖӘ жобасын іске асыруға жауапкершілік алады:
1 кезең (инвестициялық кезең) – жабдықтарды жеткізу, орнату және монтаждау, бағдарламалық қамтамасыз етуді құру және инсталляциялау, шефмонтаждау, автоматтандыру және жүйені іске қосуды жобалау, қаржыландыру (қоса қаржыландыру сомасын қоспағанда өз қаражатын тарту);
2 кезең (пайдалану кезеңі) – МЖӘ нысанын пайдалану, кепілдемелік және кепілдемеден кейін қызмет көрсету, қаражат жинаудың ашықтылығын арттыру және коммерциялық шығындарды азайту жолымен жүйенің тиімді жұмыс істеуін арттыру, тұрғындарға қызмет көрсетуде сапалы қызмет көрсету жолымен жүйенің тартымдылығын арттыру.
Жеке меншік әріптестігінің негізгі міндеттемелерінің бірі МЖӘ жобасы шеңберінде, МЖӘ нысанын орнату мен пайдаланудан басқа, қаладағы қоғамдық көлікте көрсетілетін қызметтерге төлем жинау деңгейін арттыру және жол жүру ақысы үшін ақшалай қаражатты жинау бойынша коммерциялық шығындарды азайту бойынша шаралар енгізуді қоса есептеумен қызмет сапасын арттыру болып табылады.
Жоба мерзімі: 11 жылға дейін.
Ұсынылатын техникалық шешімдердің жобалық сипаттамаларын қоса есептегенде мүдделер бойынша ұсыныстар 2018 жылғы 5 қазанға дейінгі мерзімде қабылданады.
Толық, әрі нақты ақпаратты «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ, Қазақстан көшесі, 59/1, (5 қабат) e-mail: transport@akimvko.gov.kz; тел.: 8(7232)-701-698; (Рахимбаева Айжан Дудубекқызы) арқылы алуға болады.
«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ тел.: 8/7232/26-23-96, e-mail: ppp.vko@gmail.com; (Ибрашова Анара Райханқызы, Койчубаева Азиза Назарбекқызы).
