Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен құрылыс колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен құрылыс колледжі» коммуналдық мемлекеттік қ

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен құрылыс колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен құрылыс колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастыруды жоспарлап отыр және әлеуетті серіктестерді жобаны талқылауға тарту және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүдделерін білдіруге сұрау салу туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі бағыты:

1. қажетті теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар білікті мамандарды даярлау;

2. еңбек нарығы мен өндіріс салаларының талаптарын ескере отырып, білікті мамандарды даярлау сапасын тұрақты жетілдіру;

3. мамандарды қайта оқыту және қайта даярлау;

4. жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру;

5. еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес теориялық және өндірістік оқыту арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен құрылыс колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны келесі қызмет түрлерін бекіту көзделуде: техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын іске асыру.

Нысаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.

Болжамды техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, мүдделілік жөніндегі ұсыныстар 07.03.2022 ж.дейінгі мерзімде қабылданады.

Толығырақ ақпаратты «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-нен алуға болады, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1 тел.: 8(7232) 702 341; e-mail: bilim@akimvko.gov.kz

Другие новости