«Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру үшін қызығушылық білдіруге сұраныс
«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220-І Заңының 1 бабы, 2-1 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі 100% қатысу үлесімен «Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құруды жоспарлап отыр, оның негізгі қызметі діни сауаттылықты арттыру, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамда радикалды идеологияға қарсы иммунитет пен экстремизм мен терроризмге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.
Жоба бойынша ұсыныстар 2023 жылғы 30 қарашаға дейін ШҚО, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23 мекенжайы бойынша қабылданады, барлық сұрақтар бойынша 8 (7232) 60-17-10, 8-777-849-47-77 (Кыдырмоллаев Ернат Кыдырмоллаевич) телефондарына хабарласуға болады.
