Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК құру жобасы бойынша мүдделерін білдіру туралы сұрау салу

Абай облысының әкімдігі Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК құруды жоспарлап отыр және әлеуетті әріптестерді жобаны талқылауға тарту және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну үшін мүдделерін білдіруді сұрау туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі бағыты:

Денсаулық сақтау саласындағы өндірістік–шаруашылық қызмет, оның ішінде:

1) медициналық көмек көрсету:

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек: Дәрігерге дейінгі медициналық көмек; Білікті медициналық көмек;

- мамандандырылған медициналық көмек;

- медициналық-әлеуметтік көмек;

2) стационарлық көмек:

- балаларға: Жалпы Психиатрия; Психотерапия; Педиатрия; Невропатология; Наркология мамандықтары бойынша;

- ересек тұрғындарға: Психотерапия; гинекология; Жалпы Психиатрия; Жалпы Терапия; Невропатология; Наркология; Дерматовенерология;

3) ересек тұрғындарға: Психиатрия, наркология; Психотерапия; Наркология мамандығы бойынша стационарды алмастыратын көмек;

4) консультациялық-диагностикалық көмек:

- балаларға: Психотерапия; Жалпы Психиатрия; Педиатрия: Жалпы; Наркология мамандығы бойынша;

- ересек тұрғындарға: Психиатрия: медициналық психология, наркология; Жалпы Психиатрия; Психотерапия; Жалпы Терапия; Невропатология; Наркология; Стоматология; медициналық оңалту, қалпына келтіру емі: физиотерапия.

5) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы;

6) диагностика: Функционалдық диагностика; Рентгенологиялық диагностика;

7) зертханалық диагностика:

- биохимиялық зерттеулер;

- жалпы клиникалық зерттеулер.

8) медициналық оңалту: физиотерапия.

9) фармацевтикалық қызмет: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу;

10) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты: денсаулық сақтау саласындағы қызмет.

Нысанның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы.

Болжамды техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, қызығушылық бойынша ұсыныстар 2022 жылғы 03 қарашаға дейінгі мерзімде қабылданады.

Толығырақ ақпарат: «Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Семей қаласы, Қ.Мұхамедханов көшесі, 8, тел.: 8(7222) 52-26-44; e-mail: abaioblzdrav.kense@gmail.com

03.10.2022
Другие новости