«Семей қаласында 500 көрерменге арналған мінбелерімен мұз модулін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы хабарлама

«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 44-бабына сәйкес «Семей қаласында 500 көрерменге арналған мінбелерімен мұз модулін салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының (бұдан әрі – Жоба) әлеуетті жекеше әріптесінің бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.
Кәсіпкерлік субъектілерін, қаржылық және өзге де ұйымдарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлауға тартудың, жоспарлаудың ашықтығын арттыру мақсатында, Жобаны іске асыру бойынша тікелей келіссөздерге сұрау салу түскені туралы хабардар етеді.
Жобаның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері:
Жоба қысқы олимпиадалық спорт түрлерін (коньки тебу спорты, шорт-трек, шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау, керлинг) дамыту, облыс спортшыларының республикалық және халықаралық спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына спортшыларды даярлау, сондай-ақ, бұқаралық спортты дамыту, балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру, халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында Семей қаласында 500 көрерменге арналған мінбелерімен мұз модулін салуды және пайдалануды көздейді.
МЖӘ объектісі – 500 көрерменге арналған мінбелерімен мұз модулі болып табылады.
Іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
Мемлекеттік қолдау шаралары - инвестициялық шығындардың өтемақысы (ИШӨ), операциялық шығындардың өтемақысы (ОШӨ), қызметтерді тұтыну кепілдігі және МЖӘ жобасын басқаруға сыйақы төлеу.
Жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері – 12 жыл.
Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей тиесілігі:
Жоба техникалық жағынан күрделі емес.
Әлеуетті жекеше әріптестердің балаламлы ұсыныстар мен құжаттарды ұсыну күні, орны мен уақыты:
Жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестер ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелеріне сәйкес әзірленген баламалы ұсынысты, сондай-ақ 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 Ереженің 3 қосымшасына сәйкес ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкес расталған құжаттарды 2019 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынуы қажет.
Жоспарланған жоба туралы толық ақпаратты «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, сондай-ақ, басқармасының sportvko.gov.kz ресми сайтынан алуға болады.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көш. 59/1, 409 кабинет.
Телефон: 8 (7232) 70-22-83, 70-22-82.
Ресми сайт: sportvko.gov.kz
E-Mail: sport@akimvko.gov.kz
