«Өскемен қаласында 300 төсектік көпсалалы аурухананы салу және пайдалану» концессиялық жобасы бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты қайта өткізу
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі атынан «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Өскемен қаласында 300 төсектік көпсалалы аурухананы салу және пайдалану» концессиялық жобасы бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты қайта өткізетіндігін хабарлайды.
Концессия объектісі: Өскемен қаласы аумағында орналасқан аурухана ғимаратын және жер телімін қамтитын 300 төсектік көпсалалы аурухана.
Конкурсқа «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында және концессионерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына сай болатын барлық әлеуетті концессионерлер қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі конкурстық құжаттамада көрсетілген.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын конкурсты өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған сәттен бастап, мына мекенжай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Гоголь көш., №36 үй, №401 каб, 9.00-13.00 дейін және 14.30-18.30 дейін.
Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасы тегін беріледі.
Әлеуетті концессионерлер конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді конвертке салып, «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-іне Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Гоголь көш., № 36 үй, №401 кабинет мекенжайы бойынша ұсынады (жолдайды).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2019 ж. «5» тамыз сағат 15.00 дейін.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер 2019 ж. «5» тамыз сағат 17.00 келесі мекенжай бойынша ашылады: 070018, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Гоголь көш., № 36 үй, №401 каб.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 52-32-02 телефоны арқылы, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ 8 (7232) 26-23-96 телефоны арқылы, е-mail: ppp.vko@gmail.com бойынша алуға болады.
