Жоспарланып отырған "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мектеп асханаларын жаңғырту" МЖӘ жобасы туралы қызығушылық білдіру туралы сұрау салу»

Кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында, сондай-ақ "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 Бұйрығының 12-тармағына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" ММ жоспарланып отырған "Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мектеп асханаларын жаңғырту"МЖӘ жобасы туралы қызығушылық білдіру туралы хабарлайды.
Жобаның сипаттамасы: жоба жекеше әріптестің мектеп асханасының ас блогын және түскі ас залын жөндеуді, жабдықты, жиһаз бен мүкәммалды жеткізуді, сондай - ақ жекеше әріптеске 7-10 жыл асхана мерзімін басқаруға мүмкіндік беру шартымен Алтай ауданының жалпы білім беру ұйымдарында білім алушыларды, жұмыскерлерді тамақтандыру бойынша қызметтер көрсетуді болжайды.
Жобаны іске асыру орны: Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданының 8 мектебі;
"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" ҚР Заңының 27-бабына сәйкес мемлекеттік қолдау шаралары көзделмеген.
МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 7-10 жыл, оның ішінде МЖӘ объектісін жаңғырту мерзімі – 2 ай.
Жобаға қойылатын талаптар:
Жеке серіктес:
1. Жобаны іске асыру үшін қаржы қаражатын тартады;
2. Мектеп асханаларын Ағымдағы жөндеуді жүзеге асырады;
3. Мектеп асханалары үшін қажетті жабдықтар, мүкәммал сатып алады;
4. МЖӘ объектісінің сапалық сипаттамаларын қамтамасыз етеді, көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі 2021 жылғы 15 сәуірге дейін.
Байланыс деректері: "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" ММ, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, тел.: 8 (7232) 702-357, электрондық пошта: bilim@akimvko.gov.kz.
