Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығының өкілдерімен жаңа семинарлар көңілдегідей ұйымдастырылды.

2012 жылы қараша айында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің белсенді қолдауымен және қатысуымен, «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығының» өкілдерімен практикалық семинарлар өткізілді.
Семинар барысында қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және қолдану мәселесі талқыланды, сонымен қатар мемлекеттік жеке-меншік әріптестігінің негізгі теоретикалық аспектілері қарастырылды.
Осы шаралар барысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды,қазіргі заңнама талқыланды, қаржылық-экономикалық негіздемені қалыптастыру барысындағы проблемалық мәслелер қарастырылды, мемлекеттік жеке-меншік әріптестігінің дамуы, перспективасы, қазіргі күнгі жағдайы, проблемалары, тенденциясы қарастырылды.
Семинар-тренингке қатысу үшін жергілікті атқару органдарының өкілдері, мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорындардың өкілдері сондай-ақ семинардың практикалық бөліміне аса қызығушылық танытқан ірі және орта бизнес өкілдері қатысты. Семинардың кіріспесін ММ «Шығыс Қазақстан облысының Экономика және жоспарлау басқармасының» басшысы Ясинская Е.П. бастады. Семинар барысында Ясинская Е.П. семинардың тақырыбымен таныстыруымен қатар, осындай семинарлардың ұйымдастырылуының қажеттілігіне назар аударды.
Семинарға «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығының» Басқарма төрайымы Масакова А.С., Басқарма төрайымының орынбасары Қабдиев А.А., Инвестициялық жобалардың сараптау департаментінің директоры Аханаев С.О., Инвестициялық жобалар департаментінің директоры және басқарма мүшесі Мырзағалиева Н.Н., бас эксперт Будникова И.С., экономикалық ғылымы кандидаты және де Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің профессоры Малышев Н.А. қатысты. Семинардың соңында қатысушылар бонус ретінде сертификаттармен марапатталды.
Осындай семинарлар рисктерді минимизациялау мақсатында квалификацияны арттыру құралдарын беруге бағытталған. Сонымен қатар қаржылық-экономикалық негіздемені қолдану мен әзірлеу туралы соңғы өзгерістері мен қосымшаларының маңызды және толық мәлімет беруге, мемлекеттік жеке-меншік әріптестік механизмін экономикалық орта жағдайында қолданып жатқан кәсіпорындарының практикалық әрекетінің нәтижесін талдап қорытуға бағытталған.
Семинардың соңында сауалдама жүргізілді. Оның нәтижесі қатысушылардың 97%-ы алған мәліметті маңызды және пайдалы деп тапты, қатысушылардың 96%-ы орталықтың келесі семинарына қатысуға ниет білдірді және қызығушылық танытқан тақырыптарды атап кетті.
