Жоспарланған объект бойынша мүдделерді білдіруге сұрау салу «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Абай облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау

«Абай облысы әкімінің аппараты» КМҚК «Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Абай облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау жөніңдегі орталығы» ММ «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесін құруды жоспарлайды және осы жобаны жүзеге асыру үшін жобаны талқылау, балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну, әлеуетті серіктестерді тарту үшін қызығушылық білдіру туралы өтінімді хабардар етеді.

Құрылатын нарық субъектілерінің қызмет түрлері – ҰҰАО коды «84120 Әлеуметтік қамсыздандыруды қоспағанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және басқа да әлеуметтік қызметтердің қызметін реттеу»

Жобаның негізгі бағыты болып келесілер табылады:

1)Абай облысы аумағында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңнамасын орындау;

2) Қазақстан халықтарының және әлемдік мәдениеттің тарихи-мәдени мұрасын мақсатты түрде насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақты эстетикалық және рухани тәрбиелеу;

3) ұлттық мәдениеттердің дамуы мен өзара байланысына ықпал ету, халықаралық мәдени іс-шаралар мен акцияларға қатысу;

4) тарихи-мәдени мұраны қоғау және пайдалану туралы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі аймақаралық бағдарламаны құрастыруға қатысу;

5) ғылыми-зерттеу мекемелерімен, мемлекет және сәулет органдарымен, ескерткіштерді қорғау қоғамдарымен, жергілікті билік органдарымен, сондай-ақ басқада мүдделі ұйымдармен және ведомстволармен ескерткіштерді есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

6) Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасымен бірлесіп ескерткіштерді қорғау міндеттемелерін жасау, ескерткіштерді пайдалану үшін және жаңадан игерілетін аумақтарды пайдалануға рұқсат беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

7) ескерткіштердің меншік иелерімен қорғау міндеттемелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

8) жаңа ескерткіштерді анықтау, паспорттау үшін ескерткіштердің мемлекеттік тізімінде есепте тұрған зерттеулерді және қажет болған жағдайда реставрациялау жұмыстарын және жөндеу жүргізу үшін одан әрі ұсынымдарды жүргізу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;

9) күзет тақталарын дайындауға және орнатуға тапсырыстарды орналастыру;

10) Абай облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жер пайдалану, қала құрылысы және сәулет органдарымен және басқа да жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, құрылыс салу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын одан әрі реттеуі үшін қорғау аймақтарын зерттеу;

11) Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен бірлесіп барлық санаттағы ескерткіштердің сақталуына қатер төндіретін қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу және кәсіпорындардың, мекекмелердің, ұйымдардың лауазымды адамдарын, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі заңнама нормаларын бұзатын азаматтарды жауаптылыққа тарту жөнінде тиісті құқық қорғау органдарына ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;

12) тарих және мәдениет ескерткіштері болып табылатын мемлекеттік меншіктегі (обыстық және аудандық) ғимараттар мен құрылыстарды жалға алушылардың пайдалануына беруді қамтиды;

13) облыстың тарихи-мәдени мұрасын насихаттауды және әлеуметтік жарнамалауды ұйымдастыру және осы бағытта баспа қызметін жүзеге асыру;

14) облыстың тарихи-мәдени мұрасын сақтауға бағытталған халықпен, оқу орындарымен, кәсіпорындарымен және мекемелермен ғылыми-ағартушылық және әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүргізу;

15) мәдениет тарихы ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырыс беруші болу;

16) елдің көрнекті қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру бойынша тапсырыс беруші болу;

Кәсіпорынға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.

Нысанның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Достоевский көшесі, 110 үй.

Ұсынылатын техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, қызығушылық тудыратын ұсыныстар 2023 жылғы 19 тамызға дейін қабылданады.

Толық ақпаратты «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ алуға болады, тел.: 87774140483

e-mail: istoriko_kult_nasledie@mail.ru

Другие новости