Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік -жеке меншік әріптестік орталығының білім беру саласындағы концессиялық жобалары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік-жеке меншік әріптестігінің әлеуеті мен оның одан әрі дамыту қажеттілігін атап айтады.
Концессиялар туралы заңнама соның ішінде, әлемдік тәжірибеде қолданылатын заң біздің елде де небары сегіз жыл бұрын 2006 жылы Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» Заңының қолдануымен пайда болды, ол концессия құрылымдарын қолдану арқылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын құқықытық алаң болып табылады.
Сонымен қатар концессия саласындағы заңнама концессиялық жобалардың әлеуеттін көтеру мен мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мақсатында ең таңдаулы халықаралық тәжірбиелер есебінен жетілдіріледі. Бүгінгі таңда МЖӘ арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру саласындағы жобалары жүзеге асырылуда.
Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі мектепке дейінгі оқыту ұйымдарындағы орын тапшылығы болып отыр, оның себебі балаларды мемлекеттік меншіктегі балабақшаларға орналастыру үшін кезектілік санының артуы болып табылады.
Қаладағы мектепке дейінгі мекемелердегі орындардың тапшылығы тікелей мемлекеттік меншіктегі балабақшалар үшін қажетті ғимараттар санының аз болуы мен халықтың туу деңгейінің жоғарлауына байланысты.
Қазіргі таңда ШҚО мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы білім беру саласындағы Өскемен қаласында 1640 орынды 6 балабақша мен Семей қаласында 1290 орынды 5 балабақшалардың концессиялық жобаларын әзірлеуде. Барлық 11 балабақша бойынша жобаның құны 6,7 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі таңда аталмыш жобалардың ТЭН әзірленіп, салалық және экономикалық сараптамалардың оң қорытындылары алынды. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен орта мерзімде концессияға беруге жоспарланған нысандар Тізімі анықталады. Ағымдағы жылдың наурыз айында Конкурстық рәсімдер басталады.
Жобаларды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік үлгісімен жүзеге асыру арқылы қысқа уақыт мерзімінде қаладағы мектепке дейінгі мекемелердегі орындар санын (2930 орын) арттыру арқылы өңірдегі балалар үшін орын тапшылығы мәселесін жеңілдетуге мүмкіндік береді, ал ол өз кезеңінде аталмыш барлық жобалардың басты мақсаты болып табылады. Жобалардан туындайтын оң нәтижелер болып жеке инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер құру, тиімді басқарма негіздерін енгізу және де халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту болып табылады.
Сондықтан да Шығыс Қазақстан облысы басшылығы аталмыш жобаларды ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажетті қаржыландыруды ұсына алатын шетелдік және қазақстандық инвесторлармен жемісті ынтымақтастық жасасуға мүдделілік танытуда қызығушылық танытуда.
Жалпы осы жобалар ВТО (Құрылыс-Тапсыру-Пайдалану) сызба бойынша жүзеге асырылатын болады, ол дегеніміз Концессионер (инвестор) концессия нысанын салып, құрылыс кезеңінің аяқталуы бойынша оны коммуналдық жеке меншік иелігіне табыстайды, кейінен нысан концессионердің пайдалануына беріліп, концессионер пайдалану нәтижесінен табыс көреді. Концессионердің кірісі 10 жыл ішінде тең көлемде концессиялық шартта белгіленген көлем мен мерзім ішінде инвестициялық шығындарды өтеу арқылы (мемлекетпен концессионерге нысанды салуға кеткен шығындары қайтарылады) және қосымша қызметтерді көрсету арқылы жинақталады.
Концессия мерзімі 20 жылды құрайды.
Жобаның әлеуметтік бағыттылығына байланысты, көп көлемді кіріс қаражатын әкелмейтіндігін ескере отырып, ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары мыналар: нақты шыққан шығынғды концессионердің концендетке ұсынған есептеулеріне сәйкес тұтыну кепілдіктерін қайтару, құнсыздану деңгейіне қарай өзгереді (мемлекеттік тапсырыс, балаларды тамақтандыруға ата-аналардан төлемнақты шыққан шығынғды концессионердің концендетке ұсынған есептеулеріне сәйкес тұтыну кепілдіктерін қайтару, құнсыздану деңгейіне қарай өзгереді (мемлекеттік тапсырыс, балаларды тамақтандыруға ата-аналардан төлем; нысанның толық кызмет етуі үшін, әрбір жер теліміне инженерлік коммуникациялық жабдықтау жұмыстарын жүргізіліп ресімделген жер телімдерін уақытша ақысыз қолдану ұсыну.
«Өскемен қаласында 6 (алты) балабақшалар кешенін салу және пайдалану» жобасының концессионерді таңдау бойынша болжалды лоттар.
«Семей қаласында 5 (бес) балабақшалар кешенін салу және пайдалану» жобасының концессионерді таңдау бойынша болжалды лоттар.
ҚР «Концессиялар туралы» Заңына сәйкес концессионер жоспарланған концессия нысаны құнының 20% мөлшерінде жеке меншік қаржаты және 80% мөлшерде қарыз қаражаты қатынасында жобаны қаржыландырады.
Бүгінде «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бірлесіп экономиканың басым секторындағы концессиялық жобаларды жүзеге асыруындағы отандық кәсіпкерлердің дамуына көмек пен қолдау көрсету, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерді тартуымен тараптар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен нығайту мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылдың 13 сәуріндегі №301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы аясында концессионерге жеңілдік несиелеуді (сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау) ұсыну сұрағы бойынша жұмыс жүргізілуде.
Біздің жобалар сіздерге қызығушылық тудырып, біз сіздермен бірлесе ойлаған ойларымызды жүзеге асыртындығымызға үміт артамыз.
Байланыс ақпараттары:
«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріпестік орталығы» АҚ:
Өскемен қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 49, «Қазақстан» бизнес орталығы 5 қабат
Тел/факс.: 8 7232 26 28 09, 26 23 96, e-mail: ppp.vko@gmail.com, www.ppp-vko.kz
