«ШҚО АҚСУ АУЫЛЫНДА СПОРТ ЗАЛ САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ» МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУЕТТІ ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТЕРДІ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «ШҚО білім басқармасы» ММ МЖӘ арқылы жеке серіктестікті анықтау бойынша конкурс бастау туралы хабарлайды «Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Ақсу ауылын спорт зал салу және пайдалану» және.

Жоба бойынша жекеше әріптес тарапына спорт зал салу және пайдалану қарастырылған.

Қызмет саласы: білім.

МЖӘ түрі: шарттық МЖӘ.

Жобаның іске асырылу мерзімі: 8 ай құрылыс мерзімі, пайдалану мерзімі 3 жыл (2019-2021жж).

МЖӘ объектісінің құны: 226 237 мың.теңге.

Әлеуетті жеке серіктестіктің қызметі: жекеше әріптес жоба құны есебінен 50% мөлшерінде өз қаражаты есебінен салуды, объектіні пайдалануға беруді, құрылысы аяқталған объектіні коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етеді. Жекеше әріптес объектіні пайдалану құқығы негізінде балаларды дене шынықтыру мен тәрбилеу бойынша қызметтер көрсетеді.

Болжамды шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері: МЖӘ объектісі құнынан 50% мөлшерінде бірлесіп қаржыландыру.

Шығындарды өтеу және табыс табудың болжалды көздері: инвестициялық шығындарды өтеу.

Конкурсқа қатысуға біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушыларға рұқсат етіледі, «Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында және конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін сағат 9-00 бастап 18-30 ге дейін көрсетілген мекен жайдан алуға болады, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ.

Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады. Конкурсқа қатысуға араналған конкурстық өтінімдер, сондай-ақ конверттерде мөрленген біліктілік іріктеу үшін құжаттарды әлеуетті қатысушылар аталған мекен жай бойынша мақсатты түрде ұсынады.

Толық ақпарат алу үшін көрсетілген мекен жайдағы байланыс тел: А.К.Каербекова 8(7232) 702-748.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2018 ж. 17 тамызда аталған мекенжай бойынша жүзеге асырылатын болады.

Другие новости