«Қызыл ту» Паромдық өткел кешенін қызмет көрсетуге беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мүдделерді білдіруге сұрау салу

«Қызыл ту» Паромдық өткел кешенін қызмет көрсетуге беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мүдделерді білдіруге сұрау салу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде коммуналдық меншіктегі объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу арқылы қызмет көрсетуге беру жоспарлануда ("Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" ҚР Заңы шеңберінде).

Кәсіпкерлік субъектілерін МЖӘ жобасын жоспарлауға тарту және жоспарлау процесінің ашықтығын арттыру мақсатында ММЖК осы "қызығушылықты білдіретін сұрау салуды"қалыптастырды.

Қызығушылық танытқан жағдайда к компания туралы мәліметтер (атауы, құрылған күні, меншік нысаны, негізгі қызмет түрі, жұмыс тәжірибесі), ұсыныстар ұсынуды сұраймыз.

Ұсыныстар қызығушылық білдіруге сұраныс жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады:

"Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, каб. 507, электрондық поштаға қайталай отырып transportvko@mail.ru (сканерленген түрде).

Паромдық өткелдің мүліктік кешенін басқару және пайдалану сапасын арттыру мақсатында ("Ертіс" және "Күршім" дизель-электроходтары, №1, №3, № 4 күшейтілген клиндық понтондар) осы объектілерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу арқылы жеке компанияға қызмет көрсетуге беру жоспарлануда.

Осы функцияларды жүзеге асыру Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жүктелген.

Другие новости