Шығыс Қазақстанда «Алтай Агро Invest - 2015» халықаралық инвестициялық форумы өтті

2015 жылдың 10 желтоқсанында 13 елден 70-ке жуық инвесторлар мен дипломаттар халықаралық инвестициялық форумға қатысты. Қонақтарға өңірдің ауыл шаруашылығы саласында артықшылықтары мен жоғары әлеуеті көрсетілді.
Жалпы форумға 100-ден астам қатысушылар келді. Солардың ішінде Қазақстан, Ресей, Қытай, Франция, Чехия, Малайзия, Монғолия, Бразилия, Канада, Индия, Швейцария, Израиль, БАӘ өкілдері болды.
Форумға қатысушыларды аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы үздік инвестициялық тартымды жобалармен, Шығыс Қазақстанның концессиялық жобаларымен таныстыратын ауқымды көрме қарсы алды.
Бұл форум шеңберінде «Алтай» технопаркінде инвестицияларды тарту мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма басшысы Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов ШҚО концессиялық жобаларымен таныстырды. Қазіргі уақытта ШҚО-да денсаулық сақтау, көлік және білім салаларындағы концессиялық жобалар бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
