«GRATA» Заң фирмасымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2012 жылдың 18 сәуірінде «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы мен «GRATA» Заң фирмасы» ЖШС арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумның басты ережелері мыналар: Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы заңнамаларға түсініктеме беру бойынша бірлескен айқындама әзірлеу; Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту бойынша бірлескен бағдарламалар мен жобалар әзірлеу және бағыттау; мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларына және құқық қолдану іс-жірибесі мәселелері шешіміне түсініктеме беру бойынша кездесулер, семинарлар,конференциялар және форумдар ұйымдастыру және т.б.
