«Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының «Бос уақыт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құру» туралы жоспарланған жобаға мүдде білдіру сауалы

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімдігі «Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының «Бос уақыт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынын құруын жоспарлап және осы жобаны іске асыру үшін альтернативті ұсыныстар мен нұсқауларды ұсынатын және жобаны талқылауға әлеуетті серіктестерді тарту үшін мүдде білдіру сауалын жасау туралы хабарлайды.
Жобаның негізгі бағыты ретінде мәдениет саласындағы өндірістік шаруашылық қызметі болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорын қойылған мақсаттырын іске асыру үшін қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:
1) мәдениетті дамытуды кешенді тұрғыдан қамтамасыз ету;
2) мәдени сұраныстарды қалыптастыру, қанағаттандыру, дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) бос уақытты өткізу саласында халықтың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру және әлеуметтік маңызды бастамаларды қолдану, мұражайлық қызмет көрсету;
4) халық арасында секциялық және үйірмелік жұмыстарды жүргізу;
5) мәдени-демалу қызметі саласындағы халық сұранысы туралы ақпараттарды жинауды, талдауды және өңдеуді жүзеге асырады;
6) демалу және мәдени қызметтерді дамытудың басым бағыттарын талдау негізінде;
7) мәдени-демалу қызметінің қолда бар құралдарын, нысандарын және әдістерін белсенді түрде пайдаланады, көрсетілетін қызмет сапасын жетілдіреді;
8) кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа шаруашылық субъектілерінен келіп түскен мемлекеттік, әлеуметтік-шығармашылық тапсырыстар бойынша мәдени демалу қызметтерін көрсетуді ұйымдасырады;
9) Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелерді, концерттерді, ән-би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивальдерді, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастыруға.
Кәсіпорын мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар ауылы, Букетов көшесі, 68.
Ұсынылған жобалық сипаттаманың техникалық шешімдері мен қызығушылықтары туралы ұсыныстар 2022 жылдың 01 желтоқсанына дейін қабылданады.
Толық ақпаратты ШҚО «Самар ауданының ішкі саясат мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ, мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, Самар ауылы, Горохов көшесі, 68, тел.: 8(72333)31435, +77053331462, e-mail: samar.dk@mail.ru алуыңызға болады.
