GRCF2 W2 E2-ШҚО көше жарығын қалпына келтірудің муниципалды жобасы - 2 кезең

Жоба атауы: Жоба: GRCF2 W2 E2-ШҚО көше жарығын қалпына келтірудің муниципалды жобасы- 2 кезең

ЕҚДБ жобасының идентификаторы: 53777

Мемлекет: Қазахстан

Клиенттің аты: «Шығыс Қазақстан МЖӘ орталығы» АҚ

Сатып алу түрі: Тауарлар, Жұмыстар, Кеңес беру

Бизнес сектор: Евразия Инфрақұрылымы

Хабарландыру түрі: Сатып алу туралы жалпы хабарлама

Жарияланған күні:

Сатып алу туралы жалпы хабарлама

1. Қаржыландыру туралы ақпарат

Жоғарыда аталған клиент Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (Банк) басқаратын несие / грант түсімдерінің бір бөлігін жоғарыда аталған жобаның құнын жабу үшін пайдалануға ниетті

Қаржыландыру туралы қосымша ақпарат:

ЕҚДБ жобаны іске асыру үшін Қарыз алушыға 4,1 миллиард теңге (8,18 миллион еуро) несие берді. Жобаны Қарыз алушы 100 миллион теңгеге дейін (0,2 миллион еуро) («Компанияның салымы») және облыстық әкімдік 900 миллион теңгеге дейін (1,8 миллион еуро)бірлесіп қаржыландырады.

2. Жоба туралы ақпарат. Сипаттама

Жоба Өскемен қаласындағы (Қала) көшелерді жарықтандыру жүйесін («КЖЖ») қаланың және оның айналасының 150-ге жуық көшелерінде қосымша 6000 жарық нүктелерін салу арқылы жаңғыртуды аяқтауға бағытталған.

Жобаның жалпы құны: 5 196 000 000,00

Валюта

KZT

Сатып алу түрі

Жұмыс, кеңес беру

Сатып алудың басталу күні: 04/05/2023

Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні: 13/06/2023 10:00

3. Басқа да ақпараттар

Келісімшарттар Банктің сатып алу Саясаты мен ережелерімен реттеледі және егер сатып алу құжаттамасында өзгеше көрсетілмесе, кез келген елден фирмалардың қатысуы үшін ашық болады.

Осы жоба шеңберіндегі сатып алулар ЕҚДБ-ның клиенттік Электрондық сатып алу порталын (ECEPP) пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады. Егер сіз осы жоба бойынша кез-келген сатып алуға қатысқыңыз келсе, ECEPP-де тіркелгеніңізге көз жеткізіңіз

( https://ecepp.ebrd.com ). Сатып алу мүмкіндіктері жарияланған кезде тіркелген тұлғаларға тікелей хабарланады.

4. Клиенттің мекен-жайы

Байланыста болатын тұлға: Юрий Халитов

Атқарушы агенттік / Ұйымның атауы: «Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ ("ШҚО МЖӘ ӨО" АҚ)

Мекен-жайы (қаланы және пошта индексін қоса алғанда): Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, 070019, Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 49, "Қазақстан" Бизнес-орталығы, 5 қабат.

Тел: +7 (7232) 24-57-33

Электрондық пошта: ppp.invest@mail.ru

04.05.2023
Другие новости