«Өскемен қ. Есенберлин дғ. бойынша 19 тұрғын ауданының 4-кварталы бойынша 240 орындық үлгілік жоба бойынша балабақша салу және пайдалану» жеке әріптесін анықтау үшін қызығушылық білдіруге сұрау салу

Кәсіпкерлік субъектілерін тарту мақсатында «ШҚО білім басқармасы» ММ Есенберлин даңғылы, 19 тұрғын ауданының 4-кварталында бойынша 240 орындық үлгілік жоба бойынша Өскемен қаласында балабақша салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау туралы хабарлайды, 84-позиция»
Жоба жекеше әріптестің 240 орындық балабақша құрылысын жүргізуін көздейді.
1) жобаны іске асыру саласы–мектепке дейінгі тәрбие және білім беру;
2) жобаны іске асыру орны – Өскемен қаласы;
3) нысанның қуаты -240 орын;
4) іске асыру кезеңі – 2021 жыл.
5) пайдалану кезеңі - 5 жылдан 30 жылға дейін;
6) жобаның мақсаттары мен міндеттері – Жалпы орта білім беретін мектептің бірінші сатысында балаларды оқытуды бастауға дайындау сапасын жақсарту және Өскемен қаласының тұрғындары үшін мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орын тапшылығы проблемасын шешу;
7) бюджеттен сұратылатын төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: Инвестициялық шығындарды өтеу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
8) жоба техникалық жағынан күрделі емес.
Әлеуетті жекеше әріптес Заңның 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – қағидалар) 135-тармағына сәйкес, жоспарланған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес баламалы ұсынысты ұсынады.
Осы жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда, "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" ММ 2021 жылғы 20 сәуірден кешіктірілмейтін мерзімде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, тел.8(7282) 702357 мекенжайы бойынша баламалы ұсыныстарды қабылдайды.
Жауапты тұлға: "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" ММ басшысының орынбасары Әсел Қанатқызы Қаербекова.
