«Семей қаласында жасанды мұздан спорттық мұз алаңын ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға бастамашылық ету туралы хабарлама

«Шығыс Қазақстан облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» 133-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінен, қаржы және басқа ұйымдардан мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаны іске асыруға қызығушылық туралы баламалы ұсыныстарды тарту мақсатында «Семей қаласында жасанды мұздан спорттық мұз алаңын ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын (бұдан әрі – МЖӘ Жоба) бастамашылық ету жөнінде хабарлайды.
МЖӘ жобасының мақсаты мен міндеттері:
Жоба мақсаты: Мұз аренасын ұйымдастыру – қысқы спорт түрлерін кеңінен таныту және дамыту, Семей қаласында дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың санын арттыру.
Мұз аренасының құрылысы коньки спорт түрлеріне (шайбалы хоккей, конькимен сырғанау) қолдауға мүмкіндік жасайды, сонымен қатар олимпиадалық ойындарына кіретін мәнерлеп сырғанау, керлинг, шорт-трек сияқты спорт түрлерінің дамуына серпін береді. Демалыс уақытын ұйымдастыруда қызмет көрсету көлемін арттырып, сонымен қатар өскелең ұрпақты спортқа тартуға мүмкіндік туады. Қала тұрғындарының денсаулығын нығайтады және спортшылардың халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда бәсекелестік қабілеттерін арттырады.
Жобаның міндеттері:
- Семей қаласында қысқы спорт түрлерін, оның ішінде, шайбалы хоккей, доппен хоккей, шорт-трек, конькимен сырғанау, мәнерлеп сырғанауды дамытып,кеңінен таныту;
- Қысқы спорт түрлерін дамытуға тиісті жағыдай жасау;
- Оқу-жаттығу дәрістерін және жарыстар ұйымдастырып өткізу;
- Қысқы ойындар түрлерін дамытуға замануи спорт инфраструктурасын ұсыну;
- Семей қаласында дене тәрбиесі және спорттың материалдық-техникалық базасын нығайту;
Жобаны іске асыру мерзімі: 7 жылдан кем емес.
Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
Жеке әріптестің жүзеге асыруы және жауапкершілігі:
1) МЖӘ Жобасы жеке және тартылған қаржы есебінен қаржыландырылады;
2) Дене шынықтыру-спортта қызметтерін сапалы көрсету.
Жобаның алдын алу құны 1 740 584,0 мың теңгені құрайды.
Жоспарланған МЖӘ жобасын жүзеге асыруға мүдделі потенциалды жеке серіктестер өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып, осындай жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы балама ұсыныс ұсынады, оның ішінде:
- потенциалды жеке серіктестің атауы және мекенжайы;
- мемлекеттік меншігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);
- заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және потенциалды жеке серіктеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;
- әлеуетті жеке серіктеске тиесілі меншік құқығын немесе объектіге қатысты ұзақ мерзімді жалдауды немесе зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтарын растайтын құжаттар.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес құрылған бизнес-жоспар.
Баламалы ұсыныстарды қабылдаудың мерзімі – 12 қаңтар 2019 жыл.
Жобаға қатысу қызығушылық туындаған жағдайда қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы ала аласыздар 8 (7232) 70 22 78, е-mail: sh.duisenova@akimvko.gov.kz, адрес: 070019, ШҚО Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, каб. 905, жауапты тұлға –Дүйсенова Шынар Ермекқызы.
