Орталық туралы : Директорлар кеңесі


БайланысДиректорлар кеңесіҚұрылымыВакансияларБасшылық

Директорлар кеңесі

Алмасхан Бауыржанұлы Сматлаев – Директорлар кеңесінің төрағасы Сматлаев

Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетін және Блумберг университетін (Пенсильвания, АҚШ) бітірді. «Экономика», «халықаралық экономика» және «қаржы және кредит» мамандықтары бойынша төрт жоғары білімі бар. Сонымен қатар ол мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі болып табылады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жете меңгерді.

2009-2011 жж. – «Корал Групп» компаниясы(РФ, Мәскеу қ.) бас директорының орынбасары болып қызмет етті.

2011-2012 жж. – «Сервис и Технологии ИНВЕСТ»компаниясының (РФ, Мәскеу қ.) бас директоры.

2012-2014 жж. – консультант, Еуразиялық экономикалық комиссиясында (РФ, Мәскеу қ.) кеңесші.

2014 жылғы қарашадан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі.

2016- 2018 жж. Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2018 жылдың ақпанынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Тұмабаев Қуат Мұхитұлы - Директорлар кеңесінің мүшесі

Тумабаев

1980 жылы 30 қазанда Семей қаласында дүниеге келді. 2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтады. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2001 жылы «Альянс банк» АҚ (Алматы қ.) несие бөлімінің маманы болып бастады. 2002 – 2003 жылдар аралығында «Казполиграф» АҚ (Семей қ.) қаржы-экономикалық талдау бөлімінің маманы болып жұмыс атқарды.

2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау минисрлігінің мемлекеттік қарыз беру және несиелендіру Департаментінде үкіметтік қарыз беру саясаты бөлімінің бас маманы, 2005 жылғы сәуірден бастап бастығы қызметін атқарды.

2005 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінде Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, 2006 жылғы қыркүйектен бастап бастығы қызметін атқарды.

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымына ауыстырылды.

2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директоры қызметін атқарды.

2014 жылғы сәуірден бастап Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Басқармасы Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

2015 жылғы наурыздан - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2016 жылдың 15 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Жапонияда Өнеркәсіптік дамуды жоспарлау (2007 ж.) және инфрақұрылымды дамытудағы Мемлекеттік-жеке әріптестік (2014 ж.) бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік басқару» тақырыбында бағдарлама бойынша курстан өтті.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Акужанов Болат Амангельдіұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі

sovet dir

1980 жылы 28 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетін «Экономикалық кибернетика» мамандығы, «экономист-математик» біліктілігі бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылдан бастап Семей қалалық қазынашылық бөлімінде жергілікті бюджетті кассалық қызмет көрсету секторының жетекші қазынашысы-маманы ретінде бастаған. 2004 жылдан ҚР ТЖМ мемлекеттік материалдық резерв жөніндегі Комитеттің «Резерв» РМК №1 бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 2005 жылы № 2 бөлімнің бастығы лауазымдарын атқарған. 2007 жылдан бастап «Алматы қаласы өңірлік қаржылық орталығы» АҚ қаржылық –экономикалық департаменті, экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы болып тағайындалды. 2008 жылы бастап «Алматы қаласы өңірлік қаржылық орталығы» АҚ директоры лауазымын атқарды. Еңбек жолын одан әрі «Қазгеология» Ұлттық геологиялық-барлау компаниясы» АҚ бас менеджері болып жұмыс атқарды. 2016 жылдың маусым айынан бастап «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ төраға орынбасары, 2017 жылдан төраға лауазымдарын атқарған. 2017 жылғы 16 қазаннан бастап облыс әкімінің өкімімен «ШҚО Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2017 жылғы қарашадан бастап «ШҚО Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Николай Михайлович Нечепуренко – Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

buktugutov

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ ШҚОФ директоры

2009 жылғы 01 ақпаннан 2012 жылғы 9 мамырға дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ШҚОФ ШОБ жөніндегі директордың орынбасары лауазымын атқарды.

2012 жылғы 10 мамырдан – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ШҚОФ директоры лауазымына тағайындалды.

2013 жылғы 11 қарашадан қазіргі уақытқа дейін – «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік МЖӘ орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.

Екеев Тимур Жақсылықұлы - Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

Екеев Тимур

2011 жылғы 07 қарашадан 2012 жылғы 07 қарашаға дейін «АК Алтыналмас» АҚ Келісімшарттық қолдау бөлімінің бастығы,

2013 жылғы 23 қаңтардан 2014 жылғы 01 наурызға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау бөлімінің менеджері,

2014 жылғы 02 наурыздан 2015 жылғы 20 наурызға дейін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау бөлімінің бас менеджері,

2015 жылғы 20 наурыздан қазіргі уақытқа дейін - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстық филиалының директоры,

2015 жылғы 22 мамырдан қазіргі уақытқа дейін - «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік МЖӘ орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.