«Донгсонг инжиниринг» (оңтүстік корея) компаниясымен кездесу өткізілді.

10 сәуір күні облыс әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С. Абденовтың қатысуымен орталық Басқарма Төрайымы А.С. Масақова мен «Донгсонг Инжиниринг» (южная корея) компаниясының атқарушы директоры арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында корей компаниясының Шығыс Қазақстан облысы инвестициялық жобаларын, ал нақты аймақта көліктік-логистикалық жүйені дамыту жобасын іске асыруға қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Кездесу нәтижесінде «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ мен «Донгсонг Инжиниринг» компаниясы арасында Шығыс қазақстан облысындағы көліктік-логистикалық жүйені дамыту саласында ынтымақтастық туралы меморнадумға қол қойылды.

Другие новости