Орталық туралы : Басшылық


БайланысДиректорлар кеңесіҚұрылымыВакансияларБасшылық

Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов – Басқарма төрағасы

Шәкәрім Сабырұлы Бұқтұғұтов 1961 жылы 8 наурызда Көкшетау қаласында дүниеге келді, ұлты – қазақ.

1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

Өзінің еңбек жолын ЖОО бітіргеннен кейін темір ұстасы болып, кейін «Усть-Каменогорскснаб» басқармасының бас механигі болып бастады. Содан кейін облыстың жабдықтау, сату және көтерме сауда жүйесінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды Бес жыл көлемінде «Востокпром», Шығыс Қазақстан сусын шығару өндірістік бірлестігі, «Әділ» АҚ сияқты өнеркәсіп кәсіпорындарын басқарды.

1997-2002 жж. – Өскемен қ. әкімінің орынбасары;

2002-2006 жж. – Риддер қ. әкімі.

2006 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы басқармасын басқарды.

2007-2008 жылдары Өскемен қ. әкімі қызметін атқарды.

2009 жылғы 23 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2011 жылғы 27 тамыздан – «Ертіс» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

2015 жылғы 09 шілдеден «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.