«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ және Deloitte компаниясы оқу семинарын өткізді

2011 жылдың 22-23 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ және Deloitte өкілдері « ШҚО өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ мен облыс әкімдігінің өкілдері үшін оқу семинарын өткізді. Семинарда МЖӘ-нің теоретикалық аспектісі; Қазақстандағы мемлекеттік-жеке меншігінің даму қарқыны мен қазіргі жағдайы; МЖӘ-нің заңнамалық базасы сияқты және тағы да басқа маңызды мәселелер талқыланды.

Семинар соңында барлық қатысушларға сертификаттар берілді.