Өскемен қаласында қоғамдық көлікте автоматтандырылған бақылау жүйесін және жол жүру төлемін енгізу және сүйемелдеу МЖӘ жобасы бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының атынан «Өскемен қаласында қоғамдық көлікте қалалық жолаушы көлігін диспетчерлеудің ақпараттық жүйесін құрумен, автоматтандырылған бақылау жүйесін және жол жүру төлемін енгізу және сүйемелдеу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша (бұдан әрі - МЖӘ) жекеше әріптесті іріктеуге конкурс жариялайды және әлеуетті жеке әріптестерді конкурсқа қатысуға шақырады.

Жоба жабдықтарды және тасымалдау карталарын жеткізуді, сондай-ақ қалалық жолаушы тасымалын диспетчерлеудің ақпараттық жүйесін құру арқылы автоматтандырылған басқару жүйесі мен жол жүру төлемі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды қамтиды.

Іске асыру кезеңі: МЖӘ нысанын құру мерзімі – 9 ай.

Мемлекеттік қолдау шарасы: инвестициялық шығындардың 30% мөлшерінде бірлескен қаржыландыру.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес біліктілік талаптарына және жеке әріптесті таңдау бойынша конкурстық құжаттымаға сәйкес келетін барлық әлеуетті жеке әріптестер қатысады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесі ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 507 кеңседе сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-30-ға дейін ұсынылады.

Конкурстық құжаттама пакеті ақысыз беріледі.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ конвертке салынған біліктілік іріктеу құжаттарын әлеуетті қатысушылар «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мына мекенжай бойынша жібереді: Шығыс Қазақстан, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 507 кеңсе.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі - 2019 жылғы 15 сәуір сағат 13-00 дейін.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттер жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2019 жылғы 15 сәуірде сағат 15.00-де ашылады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 701-698 телефоны бойынша, transportvko@mail.ru, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-ға 8 (7232) 26-23-96 телефоны бойынша ppp.vko@gmail.com, хабарласу арқылы алуға болады.