«Шемонаиха су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру» жоспарланып отырған жобасы бойынша мүдделерін білдіруді сұрау

Шемонаиха ауданының әкімдігі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде жарғылық капиталында мемлекеттің 100% қатысу үлесі бар «Шемонаиха водоканал» ЖШС және жарғылық капиталында мемлекеттің 100% қатысу үлесі бар «Первомайский водоканал» ЖШС біріктіру жолымен «Шемонаиха су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құруды жоспарлайды және жобаны талқылауға және осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсынуға әлеуетті серіктестерді тарту үшін мүдделерді білдіруді сұрау туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі бағыты Шемонаиха ауданының аумағында жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша қызмет көрсету болады.

«Шемонаиха су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне келесі қызмет түрлерін бекіту болжануда:

- жылумен жабдықтау;

- суды жинау, өндіру және тарату;

- кәріз жүйесі;

Объектінің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласы.

Болжамды техникалық шешімдердің жобалық сипаттамасын қоса алғанда, мүдделілік жөніндегі ұсыныстар 2018 жылғы 19 қарашаға дейінгі мерзімде қабылданады.

Толық ақпаратты «Шемонаиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Аврора көшесі 2, тел.: 8(72332) 3-26-44; e-mail: shem-zhkh@mail.ru. (Тиц Анастасия Васильевна) алуға болады.

«Шығыс Қазақстан облысы өңірлік мемлекеттік жеке әріптестік орталығы» АҚ, Қабанбай батыр көшесі, 49, 5-қабат, тел. 8 (7232) 26-23-96,;e-mail: ppp.vko.@gmail.com (Сарсенгалиева Альмира Сарсенгалиевна)