Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау туралы хабарлама

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі атынан «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ, 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көш., №59/1, №601 кабинет, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 138-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, МЖӘ жобаларын жоспарлауда кәсіпкерлік субъектілерін тарту, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлауда ашықтықты арттыру мақсатында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік түтігі бойынша балалар мекемесінің қызметін жүзеге асыру» жобасы (бұдан әрі – Жоба) бойынша тікелей келіссөздер тәсілімен жеке әріптесті таңдау жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қатысты бастаманы көтеріп отырғандығын хабарлайды.

МЖӘ объектісі: Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан балабақша ғимараты мен жер учаскесін қамтитын 87 балалар мекемесі.

Жобаның негізгі параметрлері және бюджеттен сұратылатын төлемдер (әлеуетті жекеше әріптес бастама көтерген тұжырымдама жобасына сәйкес):

Таблица

Таблица

27-бабының 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну нысанында қатысуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі (3 жылға орналастырумен мемлекеттік тапсырыс) арқылы жүзеге асырылады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 20 шілде, сағат 13.00-ге дейін.

Мемлекеттік-жекешелік жобасына «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті барлық жеке әріптестер қатыстырылады.

Жеке әріптес МЖӘ түтігі бойынша балалар мекемесінің қызметін жүзеге асыру жөніндегі МЖӘ жобасына қатысуға ниет білдірген жағдайда, әлеуетті жеке әріптестер қатысуға өтінімдер мен тұжырымдамаларды аталған хабарландырудың жарияланған күнінен бастап Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көш, №59/1, №601 кабинет мекенжайында орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ-не жолдауы тиіс.

Қосымша ақпаратты 8 (7232) 26-23-96 телефоны арқылы, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ-нан, е-mail: ppp.vko@gmail.com арқылы алуға болады.

ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Жекеше әріптес бастамашылық еткен мемлекеттік-жекешелік әріптестік түтігі бойынша балалар мекемесінің қызметін жүзеге асыру жобасы бойынша 2017-2020 жж. бүкіл қызмет мерзіміне мемлекеттік тапсырыс беріледі. Жоспарланған МЖӘ жобаларын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке әріптестер жоспарланған Жобаны іске асырудың мүмкіндігі туралы өздерінің балаламалы ұсыныстарын бере алады.

Әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар:

- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көрсетілген жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болу.

Техникалық сипаттамалары бойынша өзге әлеуетті жеке әріптестердің балама ұсыныстары осы хабарландыруда көрсетілген техникалық сипаттамаларға тең дәрежеде немесе одан жоғары болуы тиіс.

Балама ұсыныстар мына ақпаратты қамту қажет:

- әлеуетті жеке әріптестің атауы мен мекенжайы;

- мемлекеттік тиесілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);

- заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері, әлеуетті жеке әріптестің мүддесін қорғайтын тұлғалар туралы мәліметтер;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес толтырылған тұжырымдама.

Жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда, тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көш., №59/1, №601 кабинет мекенжайына ұсыну қажет. Телефон: 702-357.

Балама ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.