Қызығушылықты білдіретін сұрау салу

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 59/1, «Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы» ММ, 070004, «Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының Приморск ауылындағы мектеп ғимаратын балалардың жазғы демалыс лагеріне айналдыруды ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына дайындықтың басталғанын хабарлайды және әлеуетті жеке кәсіпкерлерді жоба Тұжырымдамасын талқылауға шақырады.

МЖӘ объектісі: Приморск ауылындағы мектеп ғимаратын 50 адамға арналған балалардың жазғы демалыс лагеріне айналдыруды ұйымдастыру.

Мекенжайы: ШҚО, Катонқарағай ауданы, Приморск ауылы, Шоссейная көшесі, 10.

Жобаның шарты: Жеке әріптестің инвестициясы МЖӘ жоба бағасының 50 пайызы көлемінде болу керек.

Жобаның пайдалану мерзімі: 3 жылдан кем болмауы керек.

Шығынның көздерін толтыру орны: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 9-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес МЖӘ жобасы бойынша шығындар өтемақысы.

Жеке әріптесті анықтау «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 43-бабы негізінде (алдын ала) анықталған тәртіпте байқау өткізу тәсілімен жүзеге асырылады.

Жоспарланған жоба бойынша толық ақпаратты «Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ алуға болады.

Жоба бойынша ұсыныстар 2017 жылдың 01 шілдесіне дейін қабылданады.

Байланыс телефондары:

«Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ

Тел 8(723 41) 2-90-57, сенім телефоны 8( 723 41) 2-14-40, e-mail:katon_rayoo@mail.ru, katonkaragay@akimvko.gov.kz

«Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы» МБ: тел: 8 (7232) 70-59-42, e-mail: shkony_оtdel_@mail.ru

«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ: байланыс телефоны: 8(7232) 26-43-32, e-mail: ppp.invest@mail.ru