Ақтау қаласында автовокзал салу

Маңғыстау облысы әкімдігініңатынан «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ «Ақтау қаласында автовокзал салу» (Құрылысын салу және пайдалану концессия шартының негізінде жүзеге асырылатын болады) концессиялық жобасы бойынша концессионерді таңдау жөніндегі ашық конкурс өткізілетін туралы жариялайды

Концессия объектісі – Ақтау қаласындағы автовокзал

Конкурсқа «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына және конкурстық құжаттамаға сәйкес біліктілік талаптарына сай келетін барлық әлеуетті концессионерлер жіберіледі.

Конкурс: 2014 жылғы 26 қарашада облыс әкімдігінің ғимаратында,115 кабинетте, 14 шағын ауданда, 1 үйде өтеді.

Әлеуетті концессионерлердің Конкурстық құжаттаманы осы хабарландыру БАҚ-нда жарияланған сәттен бастап мына мекенжайдан алуына болады: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, №1 үй, Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимараты, 1 қабат, №112 кабинет.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім әлеуеттік концессионерлермен немесе олардың уәкідетті өкілдерімен Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысымен 2014 жылғы 26 қарашадағы сағат 15.00-ге дейін мына мекенжай бойынша беріледі: Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимараты, 1 қабат, №114 кабинет.

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу Комиссиямен 2014 жылғы 26 қарашадағы сағат 16.00-демына мекенжай бойынша жүргізіледі: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14 шағын аудан, 1 үй, Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимараты, 1 қабат, №115 кабинет.

Ақтау қаласында автовокзал салу және пайдалану жөніндегі жалпы ақпарат

Қазіргі замандағы талаптарға жауап беретін, өткізу қабілеттілігі бастапқы кезеңде тәулігіне 1200 жолаушы болатын, кейіннен тәулігіне 3900 жолаушыға дейін арттырылатын тиісті даму деңгейін қамтамасыз ететін автовокзал салу.

Концессиялық жоба іске асырылатын жер – Ақтау қаласы.

Концессия кезеңі – 30 жыл.

Концессия объектісін салу кезеңі – 3 жыл.

Концессия объектісін пайдалану кезеңі – 27 жыл.

Автовокзал, автожуу орны мен кіреберіс жолдары бар техникалық қызмет көрсету станциясын салу мен пайдалануға арналған жер учаскесінің жалпы ауданы – 2,7 гектар(жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 13-200-045-423);

Концессионердің осы Концессиялық жобаны іске асыру жөніндегі мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда (Концессионермен келісім бойынша), 100-150 орындық қонақ үй кешенін (бассейн, монша, кафе-бар, спорттық-дене шынықтыру орталығы), сауда орталығын, сауда-, ойын-сауық орталығын, көрмелер өткізетін жері бар конференция залын, аквапаркі бар сауда-көрме кешенін және кіреберіс автожолы бар «кемпингті» (автотұрағы бар қонақүй) салуға және пайдалануға арналған №2 учаске,Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Ақтау-Әуежай жолының бойында, №9 өндірістік аймақта орналасқанауданы 1,58 га жер учаскесізаттай грант түрінде берілуі мүмкін(жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 13-200-045-424).

Концесионерге бюджеттік заңнамаға сәйкес концессионердің инвестициялық шығындарының өтемақысы беріледі.

Концессия объектісінің орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Ақтау-Әуежай жолының бойы, №9 өндірістік аймақ, № 56 және 56/1 учаске (Жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері 13-200-045-423, 13-200-045-424).

Қосымша ақпарат пен анықтамаларды 8 (7292) 33-53-22 телефоны бойынша, сондай-ақ «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік АҚ-нан 8 (7292) 33-52-71 (72,73) телефоны бойынша алуға болады, е-маil:ppp.mangystau@gmail.com

«Маңғыстау облысының жолаушылар

көлігі және автомобиль жолдары» ММ

Другие новости