«Курчатов қаласында 120 орынға арналған «Тополек» балабақшасын реконструкциялау» МЖӘ жоспарланып отырған жобасы бойынша мүдделерді ұсынуға сұрау салу

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ «Курчатов қаласында 120 орынға арналған «Тополек» балабақшасын реконструкциялау» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының (бұдан әрі – МЖӘ жобасы)дайындығын бастағаны туралы жариялайды және жобаны іске асыру бойынша жобаны талқылауға және бастамашылық ұсыныстар мен нұсқаларды ұсынуға әлеуетті әріптестерді тарту үшін мүдделерін ұсынуға сұрау салатыны туралы хабарлайды.

Жоба 120 орынға арналған «Тополек» балабақшасының ғимаратын реконструкциялауды және оны одан әрі 15 жыл аралығында жеке әріптеспен басқаруды ұсынады.

МЖӘ объектісі 120 орынға арналған «Тополек» балабақшасының ғимараты және мектепке дейінгі жастағы балаларды оқуты және тәрбиелеу қызметтерін ұсыну болып табылады.

МЖӘ объектісінің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Абай көш., 33А.

Жеке әріптестің шығындарын өтеу көзі ретінде 4 жыл аралығында инвестициялық шығындардың өтемақысы ұсынылады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 15 жыл және 6 ай.

Мүдде таныту ұсыныстары 2018 жылғы 23 қарашаға дейін қабылданады.

Толық әрі нақты ақпаратты «ШҚО білім басқармасы» ММ, Қазақстан көшесі, 59/1, (6-қабат) e-mail: bilim@akimvko.gov.kz; тел.: 8(7232)-702-334 (Орысаева Гульмира Алтынбекқызы) арқылы алуға болады.

«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ тел.: 8/7232/26-43-32, e-mail: ppp.invest@mail.ru