«ШҚО Глубокое ауданындағы Глубокое ауылында жылу көзінің құрылысы» жоспарланып отырған МЖӘ жобасы бойынша мүдделерін білдіру туралы сұрау

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің «ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындаудың басталуы туралы хабарлайды және жобаны талқылау үшін әлеуетті серіктестерді тарту үшін мүдделерін білдіру және «ШҚО Глубокое ауданындағы Глубокое ауылында жылу көзінің құрылысы» (әрі қарай «МЖӘ жобасы») жобасын іске асыру үшін балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну туралы өтінімді хабарлайды.

Жоба Глубокое кентінде сапалы жылумен қамтуды қамтамасыз ету үшін жылу көзінің құрылысы мен пайдалануын көздейді.

МЖӘ объектісі болып жаңадан салынған жылу көзі және оны пайдалану болады.

МЖӘ объектісінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое к.

Шығындардың орнын толтыру көздері «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

МЖӘ жобасын іске асыру үшін жеке серіктес жауап береді, атап айтқанда:

1 этап (инвестициялық кезең) - жобалау алдындағы жұмыс (қажет болған жағдайда), жобалау, қаржыландыру, құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықтарды жеткізу, монтаждау және орнату;

2 этап (пайдалану кезеңі) - МЖӘ нысанын пайдалану, кентті сапалы және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету, заманауи технологияларды қолдану арқылы өнім құнының төмендеуі.

Жобаның ұзақтығы: 15 жылға дейін.

Қызығушылық танытуларға арналған өтінімдер 2018 жылдың 21 қарашасына дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін «ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ хабарласыңыз, Карл Либкнехт к. 19 (2 қабат), тел.: 8(7232)552543; e-mail: sa.sagiev@akimvko.gov.kz; (Сагиев Сагадат Бакытбекович).

«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ тел.: 8 (7232) 26-23-96, e-mail: ppp.vko@gmail.com (Ибрашева Анар Райхановна).