«Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік аясында Өскемен қаласындағы индустриялық аймақтарды басқару кәсіпорнын құру» жоспарлаған жобасы бойынша мүдделерді ұсынуға сұрау салу

«Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ӘКК) «Мемлекеттік – жеке меншік әріптестік аясында Өскемен қаласындағы индустриялық аймақтарды басқару бойынша мемлекеттің 100% қатысу үлесімен кәсіпорын құруды жоспарлайды және жобаны талқылауға әлеуетті әріптестерді тарту үшін мүдделерін ұсынуға сұрау салатыны туралы хабарлайды.

ЖШС-нің негізгі бағыты индустриялық аймақтарды жаңа өндірістермен толтыру, сондай-ақ әрекеттегі инфрақұрылымды күту және дамыту болып табылады.

ЖШС-не келесі қызмет түрлері бекітілетін болады:

- электр қуатын беру;

- электр қуатын бөлу;

- жылумен қамтамасыз ету;

- суды жинау, тазарту және бөлу;

- кәріз жүйесі;

- электротехникалық және монтаж жұмыстары;

- коммерциялық қызмет және басқару мәселелері бойынша кеңес беру;

- экономикалық қызметті тиімді енгізуді реттеу және жәрдемдесу.

ЖШС-нің орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы.

Жүзеге асыру мерзімі 10 жыл.

Ұсыныстарды абылдаудың соңғы күні - 12.10.2018ж.

Толық ақпаратты «Ертіс» ӘКК» АҚ, Белинский көш., 36 (306 каб.), (Ясинский Станислав Александрович) тел. 8(7232)222-367, e-mail: info@spkertis.kz бойынша ала аласыздар.