«KARAGAILY» шипажайының базасында зейнеткерлік жасқа толған жандарға арналған әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын бастамашылық ету жөнінде ХАБАРЛАМА

«Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» 133-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінен, қаржы және басқа ұйымдардан мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобаны іске асыруға қызығушылық туралы баламалы ұсыныстарды тарту мақсатында «KARAGAILY» шипажайының базасында зейнеткерлік жасқа толған жандарға арналған әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын (бұдан әрі – МЖӘ Жоба) бастамашылық ету жөнінде хабарлайды.

МЖӘ жобасын іске асыру шарты:

Жоба 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жандарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді көздейді.

Бұл қызметтерге кіреді:

- тиісті санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптар сәйкес келетін қажетті жиһаздармен және төсек-орындармен жабдықталған, тәулігіне төрт рет үйлестірілген тағам ұсынылуымен тұруға арналған тұрғын үймен қамтамасыз ету.

- сауықтандыру қызметтерін ұйымдастыру, атап айтқанда: ЕДК, массаж, емдеу кабинеті, физиотерапиялық емдеу, галокамера, панталық ванналар, фито-бар, скандинавтық жүру.

- психологиялық тренинг өткізу, психологиялық шиеленісті анықтау, өмірдің жаңа жағдайларына бейімделудің жеке алғышарттарын қалыптастыру.

- бос уақытты ұйымдастыру шаралары (концерттер, тақырыптық кештер, экскурсиялар, театрлар мен мұражайларға бару және т.б.).

Бұл жоба науқастарды қарау және кеңес беру үшін білікті мамандарды тартуды көздейді.

Жобаны іске асыру мерзімі: 5 жылдан артық емес.

Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы,Семей қ.

Жеке серіктес іске асыруға жауапты:

1) жеке және (немесе) тартылған қаражат есебінен МЖӘ жобасын қаржыландыруды;

2) әлеуметтік қызметтерді сапалы қызмет көрсетуді.

10 айы ішінде 3100 адамды әлеуметтік қызметтермен қамту жоспарланып отыр, бұл ретте оңалту мерзімі 1 маусымда 12 күнді құрайды.

Айна маусым саны - 2;

1 келушіге қызмет алушылар саны - 155 адам;

1 жылдағы жұмыс істеу айлары - 10 ай;

Жоспарланған МЖӘ жобасын жүзеге асыруға мүдделі потенциалды жеке серіктестер өзі туралы негізгі ақпаратты көрсете отырып, осындай жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы балама ұсыныс ұсынады, оның ішінде:

- потенциалды жеке серіктестің атауы және мекенжайы;

- мемлекеттік меншігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін);

- заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және потенциалды жеке серіктеске өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді;

- әлеуетті жеке серіктеске тиесілі меншік құқығын немесе объектіге қатысты ұзақ мерзімді жалдауды немесе зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтарын растайтын құжаттар.

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес құрылған бизнес-жоспар.

Баламалы ұсыныстарды қабылдаудың мерзімі – 17.10.2018 жыл.

Жобаға қатысу қызығушылық туындаған жағдайда қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы ала аласыздар 8 (7232) 75-45-88, e-mail: z.suleimenov@akimvko.gov.kz, мекенжайы: 140000, Өскемен қ., Киевская қ., 1, каб. 211, уәкілетті тұлға – Заңғар Молдабекұлы Сүлейменов.