Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы бойынша қызығушылықты білдіру сауалы

«Б.Александров атындағы Спорт сарайын және оның жұмыс істеп тұрған спорт үйірмелерін, Тимирязев көшесі 177 мекенжайындағы мұз айдынын ұстау және шайбалы хоккейді дамыту қызметтері бойынша, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының кәсіби хоккей командаларын дайындау, ұстау және олардың облыстық, республикалық, бүкілресейлік және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету»

070004 Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Б.Александров атындағы Спорт сарайын және оның жұмыс істеп тұрған спорт үйірмелерін, Тимирязев көшесі 177 мекенжайындағы мұз айдынын ұстау және шайбалы хоккейді дамыту қызметтері бойынша, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының кәсіби хоккей командаларын дайындау, ұстау және олардың облыстық, республикалық, бүкілресейлік және халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету» жобасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасының тұжырымдамасын ұсынады.

Негізгі талаптар:

Келесі жағдайлар нысанды тапсырудың шарттары болып табылады:

1. Өскемен қаласы, Абай даңғылы 2 мекен-жайында орналасқан Б.Александров атындағы Спорт сарайын (ары қарай Спорт сарайы), Тимирязев көшесі 177 көшесіндегі мұз айдынын (ары қарай Мұз айдыны) толық көлемде ұстауын қамтамасыз ету, сонымен қатар: ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу жұмыстары, коммуналдық төлем қызметтері;

2. «Торпедо», «Алтай-Торпедо», «Алтай» хоккей командаларының, сонымен қатар, шайбалы хоккейден әйелдер және жасөспірім-балалар командаларының жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Шайбалы хоккейден ерлер командалары арасындағы бүкілресейлік «Жоғарғы хоккей лигасының чемпионаты» жарыстарында, «Алтай-Торпедо» командасының Қазақстан Республикасы Жоғарғы хоккей Лигасында, «Алтай» хоккей командасын Жастар хоккей Лигасында, «Торпедо-ЖХЛ» жасөспірімдер хоккей лигасында қатысуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, басқа да халықаралық және республикалық шараларда, бірыңғай күнтізбемен қаралған жаппай-спорттық шаралар, (ҚР спартакиадасы, ҚР жастар ойыны, жасөспірімдер ойындары және т.б. кешенді шаралар)

3. Негізгі құралдар мен материалды құндылықтарды, нысанды мақсатты түрде қолданылуын, яғни жаппай-спорттық шараларда жаттығу барысын, соның ішінде тренажер орталықтарының, бокс залдарының, үлкен және кіші мұз ареналарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

4. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік нысаны бойынша жеке меншік әріптестің барлық салықтық және басқа да салықтық емес міндеттердің өтеуі;

5. Спорт сарайы мен мұз айдынында штаттық қызметкерлер лимитіне сәйкес қызметкерлерінің жұмыс орны мен еңбекақы қорының сақталуы;

6. Техникалық қадағалау органының, өрт сөндіру қызметінің, санитарлық қызметтің және өзге де бақылаушы органдардың талабын орындауды қамтамасыз ету;

7. Алғашқы өрт сөндіру құралдарының, өрт қауіпсіздігі белгілерінің, өрт дабылының автоматтандырылған жобалық шешімінің болуын қамтамасыз ету, улы қалдықтарды жою;

8. Спортық және көпшілік мәдени шаралардың өтуіне арналған құралдардың, сондай жабдықтардың, желдету, жылу беру, сумен жабдықтау және кәріз желілерін, электр жүргізу және электрлі орнатылатын жабдықтардың жұмыс істеуін іске асырып тұрған желілердің жұмысын қамтамасыз ету және ұстау;

7. Байланыс, сантехника құралдарын, есіктер, құлыптар, қосқыштар, есік тұтқалары, терезе мен витраждардың техникалық дұрыс жағдайда ұсталуын қамтамасыз ету;

9. Күтпеген, кездейсоқ жағдайданемесе мүлік бұлінген жағдайда, жөндеу жұмысын жүргізу, өз есебіңнен қалыпқа келтіру немесе мүліктен айырылу себебінен келтірілген шығынды ҚР заңнамасына әрекеттеріне қайшы келмейтін амалмен өтеу.

МЖС нысаны: Спорт сарайы, мұз айдынының материалды-шаруашылық кешені және шайбалы хоккейді дамыту бойынша қызметтер

Мекен-жайы: Абай даңғылы 2, Тимирязев көшесі 177

Мекеме қызметінің пәні: Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру мемлекеттік саясатын жүзеге асыру.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 3 жыл

Жеке серіктесті анықтау «Мемлекеттік-жеке серіктестік жайлы» ҚР Заңының 31 бет. Пп.1 п.1 негізіндегі байқау өткізу тәсілімен іске асырылатын болады.

Жоба бойынша ұсыныстар 2017 жылдың 9 қантар мерзіміне дейін, немесе хабарландыруды баспа басылымдарында жариялаған сәттен бастап 30 уақыт аралығында қабылданады.

Байланыстар:

«Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы», тел. /7232/ 70-22-82,e-mail: sportvko@mail.ru

«Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік-жеке серіктестік аймақтық орталығы» АҚ тел.: 8 (7232) 26-43-32, e-mail: ppp.invest@mail.ru