Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы бойынша қызығушылықты білдіру сауалы

«ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасының басталғаны туралы хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді «Өскемен қаласы Жаңа Согра кентінде биологиялық тазарту өнімділігі тәулігіне 16 000 м3 кәріз тазарту құрылғыларының құрылысы» жобасының тұжырымдамасын талқылауға шақырады.

Жобаны жүзеге асыру шеңберінде құрылымдар салу жоспарлануда, бұл экологиялық жағдайды жақсартуға, кенттің дамуына әкеледі және өнеркәсіп кәсіпорындарының ағындарын қабылдауға мүмкіндік береді.

Жобаның әкімшісі «ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ болып табылады.

Қызмет түрі: биологиялық тазалайтын кәріз тазарту құрылғыларының құрылысы.

Жобаның мерзімі: 30 жылға дейін.

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері: Жекеше әріптестің табысы МЖӘ жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысынан, МЖӘ объектісін пайдалану үдерісінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іске асырудан қалыптасады.

Жоба бойынша ұсыныстар 2017 жылғы 23 қарашаға дейін қабылданады.

Толық ақпаратты «ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ алуға болады, Карл Либкнехт көш., 19 (2 қабат); тел.: 8 (7232) 701-233; e-mail: kantselyariya_zhkkh@akimvko.gov.kz

«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ: тел.: 8 (7232) 26-43-32, e-mail: ppp.invest@mail.ru