Қызығушылықты білдіретін сұрау салу (спорт залы)

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 59/1, «Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы» ММ, 070004, «Катонқарағай ауданының Ақсу ауылында спортзал құрылысының салынуы және пайдалануы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына дайындықтың басталғанын хабарлайды және әлеуетті жеке кәсіпкерлерді жоба Тұжырымдамасын талқылауға шақырады.

МЖӘ объектісі: Жоба бойынша 30 адамға арналған спорт залдың құрылысын салып және оның ары қарай пайдалануы.

Бұл жоба МЖӘ механизмі арқылы жүзеге асады. Жоспарланған спортзал «Ақсу орта мектебі» КММ-нің аумағында орналасады.

Мекенжайы: Тәуелсіздік көшесі, 43

Жобаның шарты: Жеке әріптестің инвестициясы МЖӘ жоба бағасының 50 пайызы көлемінде болу керек.

Жобаның пайдалану мерзімі: 15 жылдан кем болмауы керек.

Шығынның көздерін толтыру орны: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 9-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес МЖӘ жобасы бойынша шығындар өтемақысы.

Жеке әріптесті анықтау «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 43-бабы негізінде (алдын ала) анықталған тәртіпте байқау өткізу тәсілімен жүзеге асырылады.

Жоспарланған жоба бойынша толық ақпаратты «Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Шығыс Қазақстан білім басқармасы, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ алуға болады.

Жоба бойынша ұсыныстар 2017 жылдың 01 шілдесіне дейін қабылданады. Байланыс телефоны: «Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, тел.: 8(723 41) 2-90-57, сенім телефоны 8(723 41) 2-14-40, e-mail: katon_rayoo@mail.ru, katonkaragay@akimvko.gov.kz

«Шығыс Қазақстан облысының білім беру басқармасы» МM: тел: 8 (7232) 705942, e-mail: shkolny_otdel@mail.ru

«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ: байланыс телефоны 8(7232) 26-43-32, e-mail: ppp.invest@mail.ru