Қызығушылықты білдіретін сұрау салу

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 59/1, «Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы 160 орынға арналған «Дельфин» сәбилер балабақшасын сенімгерлікпен басқаруға тапсыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына дайындықтың басталғанын хабарлайды және әлеуетті жеке әріптестерді жоба тұжырымдамасын талқылауға шақырады.

МЖӘ нысаны: Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Дрейман көшесі, 3/1 үй, жалпы ауданы 2060 кв.м. мекенжайы бойынша орналасқан балабақша ғимараты. 1979 жылы пайдалануға берілген. Ғимарат кірпіштен салынған типтік, екі қабатты, жобалық қуаты – 160 орын. Дене шынықтыру залы, музыка залы, бассейн, медицина кабинеті, тағамханасы, кір жуатын орны бар.

Жоба шарты:

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, санитарлық және өртке қарсы нормалар мен қағидалар бойынша МЖБС талаптарын сақтай отырып, қолданылу мақсатын өзгертпестен қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу және нысанды пайдалануға беру.

Жобаны іске асыру мерзімі – 3 (үш) жылдан кем емес.

Шығынды өтеу көздері: «Мемлекеттік-жекешелік әріпестік туралы» ҚР Заңының 9-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес МЖӘ жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу.

Нысан инженерлік және көлік коммуникацияларымен қамтылған:

-ыстық және суық сумен жабдықтау,

-кәріз жүйесі,

-орталықтандырылған жылу жүйесі,

-бейнебақылау орнатылған.

Жеке әріптесті анықтау «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 43-бабы негізінде (алдын-ала) анықталған тәртіпте конкурс өткізу тәсілімен жүзеге асырылады.

Жоспарланған жоба туралы толық ақпаратты «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ, сондай-ақ «Шығыс Қазақстан өңірлік облысының мемлекеттік-жекешелік әріпестік орталығы» АҚ алуға болады.

Жоба бойынша ұсыныстар 03.07.2017 жылға дейін қабылданады.

Байланыс деректері:

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ: Байланыс телефон нөмірі: 8(7232)702-357, сенім телефоны: 701-828, e-mail: bilim@akimvko.gov.kz

«Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріпестік орталығы» АҚ: Байланыс телефон нөмірі: 8 (7232) 26-43-32, e-mail: ppp.invest@mail.ru